14.07.2008, 17:57 2771

Алматы мен Сеул арасында экономика, мәдениет және әлеуметтік даму салаларында екі жақты байланыс орнатылады

Алматы мен Сеул арасында экономика, мәдениет және әлеуметтік даму салаларында екі жақты байланыс орнатылады

Алматы. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Сеул арасында экономика, мәдениет және әлеуметтік даму салаларында екі жақты байланыс орнатылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы мақсатпен ертең Қазақстанға ресми сапармен Сеул қаласының мэрі О Се Хун келмекші, ол Алматы және Астана қалаларында болады. Алматы әкімі Ахметжан Есімовпен кездесуде "Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мегаполистері арасындағы ықпалдастық пен даму мәселелері талқыланады.

Сонымен бірге, Сеул қаласының мэрі Алматыда корей киносының фестиваліне қатысады. "Бұл фестиваль Алматы мен Астанада осы Елордасының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын "Сеул күндері" аясында өткізіледі. Кинофестиваль аясында кореялық режиссёрлардың төрт танымал фильмі таныстырылады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны