12.07.2013, 13:59 4104

Алматы метросына ESOR сапа белгісінің еуропалық жүлдесі берілді

"ESOR's Quality Achievements Award" еуропалық сапа бағасының ұйымы Алматы метрополитенін ESOR (Еуропа сапа зерттеу қоғамы) сапа белгісімен марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасай отырып.

Алматы. 12-шілде. Kazakhstan Today - Алматы метросына ESOR сапа белгісінің еуропалық жүлдесі берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ESOR's Quality Achievements Award" еуропалық сапа бағасының ұйымы Алматы метрополитенін ESOR (Еуропа сапа зерттеу қоғамы) сапа белгісімен марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасай отырып.

"Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Еуропа сапа зерттеу қоғамы біздің метрополитенге сапа жүлдесін табыс етті. Номинацияға 63-тен астам мемлекет қатысты. Алматы метрополитені сапаның бас жүлдесін алды", - деді Ю.Ильин.

Алматы метрополитеніне сапа жүлдесі сапа сертификатымен бірге берілді. Алматы әкімінің орынбасары атап өткендей, бұл сапа жыл сайын расталуы тиіс.

ESOR жүлдесінің номинанттарын іріктеудің басты талабы ҮЕҰ, БАҚ, түрлі еуропалық қауымдастықтардың сауалнамасы боп табылады. Содан кейін дауыс беру жүргізіледі. Жүлде жеңімпазы кем дегенде 50 оң нәтижеге қол жеткізуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны