24.12.2015, 18:21 4911

Алматы метросыныӊ бұрынғы директоры 9 жылға сотталды

Жымқырған миллиардтарды жұмыла өтеуі тиіс. Бүгін Алматыныӊ Медеу аудандық соты метроныӊ бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев пен оныӊ сыбайластарына үкім кесті. Экс-директор 9 жыл арқаласа, оныӊ орынбасары мен құрылыс жүргізген серіктестік басшысы 8 жыл өмірін темір торда өткізетін болады

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жымқырған миллиардтарды жұмыла өтеуі тиіс. Бүгін Алматыныӊ Медеу аудандық соты метроныӊ бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев пен оныӊ сыбайластарына үкім кесті. Экс-директор 9 жыл арқаласа, оныӊ орынбасары мен құрылыс жүргізген серіктестік басшысы 8 жыл өмірін темір торда өткізетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сыбайластарымен метро құрылысына бөлінген мемлекеттіӊ миллиардтарын жымқырған Өкшебаев бұдан өзге "Құрмет" орденінен де айырылды. Сонымен қатар жылдар бойы қыруар қаржыны қалтасына басқан үштік сот үкімімен алаяқтық жолмен тапқан 2 млрд 503 миллион теӊгені қайтаруы тиіс. Сот шығындары ретінде сотталушылардыӊ әрқайсысы 8 млн 343 мыӊ теӊгені өтеуге де міндеттелді. Мұрат Өкшебаев, Ербол Қалдыбаев пен Константин Антипов үштігі жалған фирмалар құрып, тендердіӊ теӊгесін сонда аударып отырған. Көбіне қағаз жүзінде құрылыс материалдарыныӊ бағасынан 10 есеге дейін қымбаттатып көрсетіпті. Алайда үшеуі де тағылған айыптарды сол күйі мойындаған жоқ.Метрополитенніӊ бұрынғы басшысы 6 жыл бұрын да ақша жеді деп істі болған. Бірақ кейін ақталып, қызметіне қайта келген-ді. Соӊғы уақытқа дейін Алматы қалалық Мәслихатында депутат болғанын айта кетейік, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны