20.10.2011, 15:28 4765

Алматы метросының екінші кезеңін салу алты жылға созылады

"Метрополитен құрылысы екі кезеңмен салынады. Бірінші кезеңі Райымбек станциясынан Алатау станциясына дейін созылады. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар аяқталып қалған. Бас мердігер "Алматыметроқұрылыс" АҚ нысанды үстіміздегі жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр",- деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алматы. 20-қазан. Kazakhstan Today - Алматы метросының екінші кезеңін салу алты жылға созылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Метрополитен құрылысы екі кезеңмен салынады. Бірінші кезеңі Райымбек станциясынан Алатау станциясына дейін созылады. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар аяқталып қалған. Бас мердігер "Алматыметроқұрылыс" АҚ нысанды үстіміздегі жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр",- деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Метрополитеннің бірінші кезектегі нысандарының құрамына 7 станса, электр депосы, инженерлік корпус және қызмет көрсетуші қызметкерлер ғимараты кіреді.

2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 158,7 млрд. теңге игеріліп, 16,3 шақырым рельстің 12,9 шақырылымы төселді. Гидрооқшаулау жұмыстардың 95 пайызы орындалды. Түйіспе рельстерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Барлық жеті стансыда негізгі және ішкі құрылыстарды салу жұмыстары аяқталды. Алты стансыда сәулеттік-көркемдік өрнектеу жұмыстары өз мәресіне жетті. Сондай-ақ, 6 стансыда 24 экскалатордың 22-і құрастырылды. Hundai (Корея) шығарған электропойыздардың барлық 7 құрамы сатып алынды.

Алатау станциясынан басталып, Иуезов көшесіне дейін және Райымбек стансысынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейінгі қашықтықтағы метрополитеннің екінші кезегінің құрылысын келесі жылы бастау жоспарлануда. Жұмыстардың құны 227,3 млрд. теңгені құрайды, құрылыстың күтілетін мерзімі 76,5 ай. Ұзақтығы 17,38 шақырым екінші жерасты теміржолы 11 стансыдан тұрады. Құрылыстың екінші кезегін бастау үшін республикалық бюджеттік комиссия 2012 жылғы бюджеттен 12,7 млрд.теңге, 2013 жылғы бюджеттен 20 млрд. теңге және 2014 жылы 20 млрд. теңге бөлуді қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны