28.02.2007, 16:23 6595

Алматы облысында 2007 жылдан бастап серіктес қалалар салына бастайды

АЛМАТЫ. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы облысында 2007 жылдан бастап Капшағай бағытындағы серіктес қалалардың құрылысы басталады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы Қайсар Омаров мәлімдеді.

"Соңғы кездері мемлекет басшысы еліміздің жекелеген аймақтарында, атап айтқанда Алматы мен Астанада серіктес қалаларда тұрғын үй салу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтуда",- деп атап өтті Қ. Омаров. Оның сөздеріне сүйенсек, қаладан 6 шақырым қашықтықта "ұйқыдағы аудан" болып саналатын серіктес қалалар салу туралы шешім қабылданған.

Комитет төрағасының мәліметтеріне сүйенсек, инженерлік желілер, коммуникация мен инфрақұрылым нысандарын мемлекет қаржыландырады. "Инфрақұрылымдық нысандар дегенім - мектептер, ауруханалар мен балабақшалар",- деп түсіндірді Қ. Омаров.

Сонымен қатар, оның сөздеріне сүйенсек, "серіктес қалаларда адамдардың жұмыс істеуі үшін өндірістер мен өндірістік зоналар болады". "Өндірістердің бір бөлігі Алматыдан көшіріледі, сонымен қатар кішкентай кәсіпорындар құрылады. Өндіріс құру жеке-меншік сала мен мемлекеттің серіктесуі арқылы шешіледі, яғни мемлекет үлесіне жер және инженерлік желілер тисе, меншік иесі өзінің инвестициясын әкеледі",- деп хабарлады Қ. Омаров.

Құрылыс жөніндегі комитет төрағасының ақпараттарына сүйенсек, өндірісті дамыту "жақын күндері арнайы құрылатын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жүзеге асырылатын болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны