29.02.2012, 15:36 4261

Алматы облысында "аусыл" індетінің тағы бір ошағы анықталды

Алматы облысының "Болашақ" шаруа қожалығында он бас ірі қарада "аусыл" ауруы расталған.

Алматы. 29-ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында "аусыл" індетінің тағы бір ошағы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысының "Болашақ" шаруа қожалығында он бас ірі қарада "аусыл" ауруы расталған.

"28 ақпан күні сағат 18:30 минөтте. Алматы облысы Оңғартас ауылы "Мұса" қыстағында зертханалық зерттеу мен талдаудың нәтижесінде "Болашақ" шаруа қожалығындағы 103 бастан он бас ірі қарада "аусылмен" ауратындығы расталды", - делінген хабарламада.

Карантиндік іс-шаралар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны