10.10.2016, 19:04 7311

Алматы облысында авиамодельдік спорт бойынша 2016 жылғы өӊірлік біріншілік өтті

Алматы облысыныӊ Іле ауданындағы "Байсерке" аэродромында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына орай Түріксіб ауданы әкімі аппаратыныӊ кубогі үшін авиамодельдік спорттан 2016 жылғы өӊірлік біріншілік болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 10 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ Іле ауданындағы "Байсерке" аэродромында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына орай Түріксіб ауданы әкімі аппаратыныӊ кубогі үшін авиамодельдік спорттан 2016 жылғы өӊірлік біріншілік болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Авиамодельдік спорттан 2016 жылғы өӊірлік біріншілікке Алматы мен Алматы облысынан 8 құрама (60 адам) қатысты", - деп хабарлайды іс-шараны ұйымдастырушылар.

Он бір түр бойынша өткен біріншілік қорытындысы бойынша №44 мектеп-гимназия бірінші, облыстық жас техниктер станциясы - екінші, Оқушылар сарайы - үшінші орын иеленді.

Авиамодель жасаушылар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы жүлделермен марапатталды.

Біріншілік Илемдік және Азиялық чемпионаттарға қатысушы спортшыларды іріктеу, жастар мен жасөспірімдер арасында авиамодельдік спортты алға жылжыту, спорттық шеберлікті арттыру, Алматы қаласында 2017 жылғы Универсиаданы өткізуді және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.

"Байсерке" аэродромында республикалық және халықаралық деӊгейдегі осындай жарыстар өткізіледі. Алаӊда елдіӊ Азаматтық авиация академиясыныӊ курсанттары ұшу дайындықтарынан өтеді. Сондай-ақ, мұнда парашютшылар клубы мен жеке меншік ұшақтардыӊ тұрақ орны орналасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны