13.04.2015, 14:01 3979

Алматы облысында балық аулап жүрген браконьерлер ұсталды

Ұсталғандардыӊ автокөліктері мен қайықтарын қарау кезінде 88 кг жиі кездесетін балық түрлері табылды (68 кг -ақмарқа, 16 кг - табан және 4 кг - ақ амур). Келтірілген залал 74 мыӊ теӊгені құрады.

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында балық аулап жүрген браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетініӊ қызметкерлері "Охотзоопром" ӨБ" жедел іздестіру тобымен бірлесіп Алматы облысына қарасты Кетмен ауылдық округініӊ аумағында заӊсыз балық аулап отырған адамдарды ұсталды", - делінген ҚР АШМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ұсталғандардыӊ автокөліктері мен қайықтарын қарау кезінде 88 кг жиі кездесетін балық түрлері табылды (68 кг -ақмарқа, 16 кг - табан және 4 кг - ақ амур). Келтірілген залал 74 мыӊ теӊгені құрады.

Аталмыш факт бойынша жиналған материалдар құқық қорғау органына жолданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны