07.09.2007, 17:32 2888

Алматы облысында электрстанцияларының бірінде 500 тоннадан астам заңсыз сақталған тұз және күкірт қышқылы табылды

Алматы облысында электрстанцияларының бірінде 500 тоннадан астам заңсыз сақталған тұз және күкірт қышқылы табылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. ТАЛДЫҚОРҒАН. Алматы облысының Алғабас ауылында қышқылды пайдалануға рұқсат беретін құжат жоқ кәсіпорында 500 тоннадан астам тұз және күкірт қышқылы табылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Алматы облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Допинг" жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері Алғабас ауылында орналасқан электр станциясын тексеру барысында улы заттармен қарым-қатынас ережесін бұзу дерегін анықтаған. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, "кәсіпорын аумағынан 502 тоннаға жуық күкірт қышқылы мен 35 тоннадан астам тұз қышқылы табылған, ал кәсіпорын қызметкерлерінде прекурсорлармен жұмыс істеу құқығына берілетін мемлекеттік лицензия болмаған".

Қазіргі уақытта қышқыл құйылған 10 цистерна тәркіленген. "Тексеру жалғасуда, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің түсіндіруінше, заңсыз айналымда тұз қышқылы героин жасауда пайдаланылады, және де Қазақстанның заңына сәйкес, тұз қышқылын сатып алу, сақтау, пайдалану және сату қатаң бақылауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны