18.06.2018, 15:42 4238

Алматы облысында мектептермен колледждердіӊ 200 үздік бітірушісі марапатталды

Жалпы биылғы жылы Алматы облысында 17 069 түлек мектеп бітірсе, соныӊ 800-ден астамы "Алтын белгі" төсбелгісімен, 600-ден астамы ерекше үлгідегі аттестатпен аяқтап отыр. Оқу жылыныӊ қорытындысы бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарына облыстан 203 оқушы қатысса, соныӊ 110-ы алтын, күміс, қола медальдармен марапатталған.

Талдықорған. 19 маусым. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласындағы "Жастар" саябағында түрлі білім, ғылым, шығармашылық және спорттық салалардағы жарыстарда жүлдегер атанған 200 үздік түлекке құрмет көрсетілді. Жас дарындарды облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар марапаттады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өз құттықтау тілегінде облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар:

- Жас достар! Бүгінгі"Жас түлек - 2018" салтанатына арнайы шақырылған жас түлектердіӊ қадамы құтты болсын! Бұл салтанатты шараға сонымен қатар өз қатарластары арасында ерекше білімімен, өнерімен танылып, облысымыздыӊ абыройын асқақтатқан жас дарындар да келіп отыр. Алтын ұя мектеп пен аяулы ұстаздарыӊыздан алған білім мен тәрбие сіздерге үлкен өмір жолында сенімді серік болатынына сенеміз. Алдағы уақытта да тынымсыз еӊбек, талпыныс пен төзім сіздерді биік белестерге жетелесін! - деді.

Облыс әкімініӊ орынбасары елімізде жастардыӊ алаӊсыз білім алуына, өзін шығармашылық тұрғыда дамытуына барлық жағдайлар жасалып отырғанын, жыл сайын жаӊа мектептер салынып, спорттық нысандар ашылып, мәдениет үйлерініӊ қатары артып келе жатқанын, оған қоса Талдықорғанда Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұрғанын және басқа да қолға алынған шараларды атап өтті.

- Мұныӊ барлығы өсер ұрпақтыӊ білімді, интеллектуал болып өсуіне бағытталады. Біз әрқашан өздеріӊіздей дарынды, талантты жастарды қолдауға, қамқорлық танытуға қолда бар мүмкіндіктіӊ бәрін жасаймыз.Қазақстанныӊ болашағы, еліміздіӊ ертеӊі - жастардыӊ қолында. Тәуелсіз еліміздіӊ гүлденуі мен өркендеуі үшін сіздерге жаӊа жеӊістер тілеймін! - дей келе Ж.Омар түлектерге "Алтын белгі" төсбелгісі мен ерекше үлгідегі аттестат табыстады. Сонымен қатар үздік шыққан білім мекемелеріне де марапаттар тапсырылды. Сыйлық ретінде түлектер мен ұжымдарға облыс әкімініӊ Алғыс хаты мен планшеттер берілді.

Оқу жылыныӊ қорытындысы бойынша облыста 15 мектеп пен колледж үздік деп танылды. Білім мекемелері оқу мен тәрбиеде, кәсіби және спорттық салаларда қол жеткізген табыстары үшін құрметтелді. Оларға облыс әкімініӊ Құрмет грамотасы мен арнайы стелла берілді. Марапатқа ие болғандар қатарында Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М. Арын атындағы № 24 "Экономика және бизнес" арнайы лицейі, Текелі қаласындағы балалар мен жасөспірімдердіӊ туризм және өлкетану орталығы, Талдықорған политехникалық колледжі, Талғар агробизнес және менеджмент колледжі және т.б. бар.

Ұжымдардан соӊ мектептер мен колледждерді үздік бітірген түлектер, ғылыми, шығармашылық және спорттық жетістіктерге жеткен жастар марапатталды.

Жастар арасынан Талдықорғандағы дарынды балаларға арналған № 20 мектеп-лицейініӊ түлегі Или Байтас сөз алып, ұстаздары мен ата-аналарына, мемлекет қамқорлығына алғыс айтты. "Open Air"форматындағы концерттік бағдарлама мен мерекелік отшашу да жастардыӊ көӊілін көтерді.

Жалпы биылғы жылы Алматы облысында 17 069 түлек мектеп бітірсе, соныӊ 800-ден астамы "Алтын белгі" төсбелгісімен, 600-ден астамы ерекше үлгідегі аттестатпен аяқтап отыр. Оқу жылыныӊ қорытындысы бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарына облыстан 203 оқушы қатысса, соныӊ 110-ы алтын, күміс, қола медальдармен марапатталған. Республикалық пән олимпиадаларында облыстыӊ намысын қорғаған 70 оқушыныӊ 30-ы жүлделі орындарға ие болған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны