15.05.2015, 12:01 3937

Алматы облысында мектептіӊ төбесі опырылып түсті

Алматы облысында мектеп спорт залыныӊ төбесі опырылып түсті. Оқыс оқиға сабақ өтіп жатқанда болған. Құдай сақтап, оқушылар дін-аман

Алматы. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында мектеп спорт залыныӊ төбесі опырылып түсті. Оқыс оқиға сабақ өтіп жатқанда болған. Құдай сақтап, оқушылар дін-аман, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Лепсі елді-мекеніндегі мектепте болған апатты оқушылар ұялы телефонға түсіріп алып ғаламторға таратқан. Спорт залыныӊ төбесі үӊірейіп тұр. Ал төбеден түскен керамзит мен бетон қалдықтары тау боп үйіліп жатыр. 9-шы сынып оқушылары осы үйіндініӊ астында қалып қоя жаздаған. Дене шынықтыру пәнініӊ мұғалімі қирай бастаған төбеніӊ дыбысын дер кезінде естіп, балаларды далаға шығарыпты. Ескі спорзалдыӊ плиталары бұрыннан-ақ ілініп тұрған екен. Бірақ мектеп басшылығы оны жөндеуге асықпай, бетон ақыры құлап тынды, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны