15.10.2009, 10:17 1475

Алматы облысында минус 5 градусқа дейін суықтық сақталады - ТЖМ

Алматы облысында минус 5 градусқа дейін суықтық сақталады - ТЖМ

Алматы. 15 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында минус 5 градусқа дейін суықтық сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, " Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі күн райын бұрынғыдай антициклон айқындайды. Республиканың тек қиыр солтүстігі жылы фронттың ықпалында болмақ. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге дейін күшейеді ".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "түнде Жамбыл облысында кей жерлерде түнде Цельсий өлшемі бойынша 0 - минус 2 градусқа дейін күн суытады. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, күндіз Павлодар облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15 - 20 метрге жетеді. Түнде Алматы облысында минус 5 градусқа дейін суықтық сақталады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны