14.07.2017, 23:39 2862

Алматы облысында "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасына 8,5 млрд. теӊге қарастырылып отыр

Алматы облысында "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру үшін биылғы жылы 8,5 млрд. теӊге қарастырылып отыр. Бүгінгі күні еӊбек нарығыныӊ сұранысына сәйкес өӊірдегі 29 колледж бен 2 орталықта 43 мамандық бойынша 3370 адам оқытылуда.

Талдықорған. 14 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысында "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру үшін биылғы жылы 8,5 млрд. теӊге қарастырылып отыр. Бүгінгі күні еӊбек нарығыныӊ сұранысына сәйкес өӊірдегі 29 колледж бен 2 орталықта 43 мамандық бойынша 3370 адам оқытылуда.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ мәліметіне сүйенсек, Бағдарлама қатысушыларына облыстыӊ 45 колледжінде белгіленген кәсіптерді игеруге мүмкіндік жасалған.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында бүгінгі күні "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ 77 адамныӊ жалпы сомасы 348,8 млн. теӊге болатын құжаттарын мақұлдап, қазіргі кезде 19 адамға 89,7 млн. теӊге шағын несие берген. Ал "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 671 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, оныӊ 318-і оқуын аяқтап үлгерді.

Өӊірдегі жұмыспен қамту орталықтарына жыл басынан бері 40 538 адам жүгініп, оныӊ 9 993-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ 1017 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса, 823 адам жастар практикасына, 5 494 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омардыӊ төрағалығымен облыс әкімдігініӊ жанындағы комиссияныӊ кезекті отырысында Жастар саясаты жөніндегі басқармаға жастарды жұмыспен қамтуға база назар аудару ұсынылды.

- Сіздердіӊ басты мақсаттарыӊыз - жұмыссыз жастармен жұмыс жүргізу. Еӊ алдымен соларға нақты қолдау көрсетіп, кәсіпті меӊгерулеріне, тұрақты жұмысқа орналасуларына жәрдемдесулеріӊіз керек. Сіздер жастардыӊ қанша пайызыныӊ арнайы білімі бар, қаншасыныӊ білімі жоқ, қаншасы жұмыспен қамтылған, қаншасы қамтылмаған - осыныӊ бәрін білулеріӊіз керек. Жағдайға тұрақты талдау жасап, соныӊ қорытындысы бойынша ұсыныстар берулеріӊіз қажет. Флешмобтар өткізу - біздіӊ жұмысымыздыӊ көрсеткіші емес, нақты шараларды жүзеге асыруымыз керек, - деді Ж. Омар.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімініӊ орынбасары комиссия мүшелеріне облыстыӊ аудан, қалаларына шығып, әлеуметтік жетімдіктіӊ алдын алу жұмысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны