28.04.2017, 21:09 6215

Алматы облысында он мыӊ тоннаға жуық қоқыс тазаланды

Жер жаннаты Жетісу жерінде облыстық әкімдіктіӊ қаулысымен наурыз айыныӊ онынан мамырдыӊ ортасына дейін "тазалық айы" жарияланған болатын.

Талдықорған. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Жер жаннаты Жетісу жерінде облыстық әкімдіктіӊ қаулысымен наурыз айыныӊ онынан мамырдыӊ ортасына дейін "тазалық айы" жарияланған болатын.

Алматы облысыныӊ 16 аудан және 3 қаласында штабтар құрылып, іс-шаралар жоспары жасалынған. Осыныӊ арқасында облыс бойынша бүгінгі күнге екіайлыққа 310,3 мыӊ адам қатысып, 145 978 ғимарат және тұрғын үй аулалары, 8 601көше бойлары мен 1 511 шақырым арық жүйелері тазаланып, 9 499 тонна тұрмысты қатты қалдықтар шығарылған.

"Идетте бір күн ғана шығатын сенбілікке қарағанда екі ай бойы жүргізіліп жатқан тазалық айы көп нәтиже беріп жатыр. Өйткені бір күнде түкке үлгермейтін басымыз бүгінгі күні көшелер мен аулалар, қора маӊындағы қоқыстардан толық арылтып алдық", - дейді Ақсу ауданы, Алтынарық ауылыныӊ тұрғыны Қарсақбаев Ғалымжан.

Тазалық барысында тек көшелер ғана тазаланып қоймай, көшеттер отырғызылып, Балқаш көліне құятын өзендердіӊ де ирригациялық жүйесі қалпына келтірілді.

Арнайы коммиссияныӊ облыс аумағын аралау барысында аудан және қала аумақтарында шешімді талап ететін бірқатар кемшіліктер анықталып, мәселелер дер кезінде жойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны