05.05.2016, 21:01 2868

Алматы облысында тұрғын үйдегі жарылыстыӊ алдын алған полиция қызметкері "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Полиция қызметкері Нұржан Батқалбеков Талдықорғанда көп қабатты тұрғын үйдегі жарылыстыӊ алдын алғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Осындай жарлыққа ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Талдықорған. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Полиция қызметкері Нұржан Батқалбеков Талдықорғанда көп қабатты тұрғын үйдегі жарылыстыӊ алдын алғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Осындай жарлыққа ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

"2016 жылғы қаӊтарда Талдықорғанныӊ 30 жастағы тұрғыны мас күйінде анасымен жаӊжалдасу салдарынан өз пәтерінде бекініп алып, үйді жарамын деп қоқан-лоққы жасаған. Жігіт бұған дейін көршілері мен полиция қызметкерлеріне екі газ баллоны мен сіріӊке көрсеткендіктен, расында да қатер бар еді. Өӊірлік ІІД таратқан ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері үй тұрғындарын басқа жаққа көшіріп, көппәтерлі үй қоршауға алынды", - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мекеме ақпаратына сәйкес, сәтсіз өткен келіссөздерден кейін пәтерге шабуылдап кіруге шешім қабылданады. Жедел әрекет етуші арнаулы отряд жауынгері, аға лейтенант Нұржан Батқалбеков канат арқылы үйдіӊ төбесінен төмен түсіп, терезе жақтауын бұзып пәтерге басып кіреді. Ол жігіттіӊ қолындағы сіріӊкені жұлып алып, қолын қайырып тұтқындайды. Ұсталғанды әріптестеріне табыстаған жауынгер үйден екі газ баллонын алып шыққан. Осы оқиғаныӊ ізі бойынша ҚР ҚК 115-ші бабында қарастырылған қылмыстық тексеру жұмыстары басталды.

Өӊірдіӊ полиция органдары ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа көппәтерлі тұрғын үйдегі жарылыстыӊ алдын алу бойынша кәсіби біліктілік танытқан жас офицерді марапаттау туралы ұсыныс жасады. Аға лейтенант Батқалбековке награданы облыстық полиция басшысы генерал-майор Мұрат Үрімханов табыс етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны