18.09.2017, 16:36 4720

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды

15 қыркүйекте Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омардыӊ төрағалығымен бірнеше мәселе қаралған селекторлық кеӊес өтті.

Талдықорған. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - 15 қыркүйекте Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омардыӊ төрағалығымен бірнеше мәселе қаралған селекторлық кеӊес өтті.

Алғашқы сұрақта өӊірдегі білім беру және денсаулық сақтау нысандарыныӊ жылыту маусымына дайындығы мәселесі талқыланды.

Сөз алған облыстық білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Майгүл Омарованыӊ айтуынша, өӊірде түрлі отын көздерімен жылытылатын 1002 білім мекемесі бар. Нысандарға отын жеткізу процесі жүріп жатыр. Өрт қауіпсіздігіне орай мектеп ғимараттарыныӊ ішіндегі қазандықтарды сыртқа шығару мәселесіне байланысты биылғы жылы 48 жылжымалы қазандық сатып алып орнату үшін бюджеттен 182,3 млн. теӊге бөлінген. Қазіргі кезде соныӊ ішінде 25 қазандық сыртқа шығарылды. Ал 32 жылыту қазандығын ауыстыруға 143 млн. теӊге бөлінсе, бүгінгі күні 29 қазандық ауыстырылып үлгерген.

Сол сияқты облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Асхан Байдувалиевтіӊ хабарламасына сүйенсек, 664 нысан жылыту маусымына дайындық үстінде. Конкурс қорытындысына сәйкес 2017-2018 жылыту маусымы үшін денсаулық сақтау нысандарына дизель отынын жеткізу жұмыстарымен мердігер мекеме "КазСтройGroup" ЖШС компаниясы айналысуда.

Жақсылық Омар аталмыш мәселе бойынша аудан, қала әкімдері орынбасарларын тыӊдады. Жылыту маусымына дайындық мәселесімен аудан, қала әкімдері мен орынбасарлары, облыстық білім, денсаулық сақтау, энергетика және ТҮКШ басқармалары тікелей айналысуға тиістігін айтты. Сонымен қатар Сарқан, Райымбек және Ұйғыр аудандарына ерекше назар аударып, маусымға дайындық барысына кедергі болып тұрған мәселелердіӊ барлығын қысқа мерзім ішінде жоюды тапсырды.

Мұнан соӊ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша ашылуы жоспарланған мектепке дейінгі мекемелердіӊ жайы қаралды. Жалпы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша, облыстағы балалардыӊ мектепке дейінгі мекемелермен қамтылу көрсеткіші 92,5 % құрап отыр, ал жыл соӊында бұл 95 % жетуі тиіс. Жыл басынан бері мектепке дейінгі 78 нысан ашылса, соныӊ 75-і - жекеменшік. Оған қоса жыл соӊына дейін тағы 30-ға жуық балабақша ашу жоспарланып отыр. Облыс әкімініӊ орынбасары Ж. Омар әр аудан, қала әкімдерініӊ орынбасарлары мен білім бөлімі басшыларынан осы жоспарланған нысандарды ашуға дайындық жайын пысықтады.

Сонымен қатар жаӊадан пайдалануға берілген мектептердіӊ құжаттарын заӊдастыру мәселесі де егжей-тегжейлі қаралып, кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы да сөз болды. Барлық құжаттарды ретке келтіруге 1 қазанға дейін уақыт берілді.

Селекторлық жиын барысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ "Туған жер" бағыты бойынша жобалар ұсынуда артта қалып жатқан аудандар мен ұсынылған жобалардыӊ сапасы жайлы айтылды. Бұл орайда Ақсу, Көксу, Қаратал аудандары және Текелі қаласыныӊ жұмыс сапасына сын айтылды. Жалпы облыс бойынша ұсынылған жобалар ішінде нысандардыӊ құрылысы, көшені жарықтандыру, жол төсеу, балалар аулаларын жасау және тағы басқалары бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны