10.10.2012, 13:56 3049

Алматы облысында жолдағы "Жаңа-Арна" медициналық құтқару бекеті ашылды

Бүгін Алматы-Қапшағай тас жолының 57 шақырымында жолдағы "Жаңа-Арна" медициналық құтқару бекетінің ашылуы болды.

Алматы. 10-қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында жолдағы "Жаңа-Арна" медициналық құтқару бекеті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Алматы-Қапшағай тас жолының 57 шақырымында жолдағы "Жаңа-Арна" медициналық құтқару бекетінің ашылуы болды.

Жолдағы медициналық құтқару бекеттерін құру Елбасының Жолдауын іске асыру және ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы бар жолдардың ең қауіпті учаскелерінде жол-көлік оқиғалары кезінде жедел медициналық көмек көрсету, жолдарда жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жүргізілуде және ол маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.

Шараға аумақтық мемлекеттік ішкі істер органдары және жол полициясы, денсаулық сақтау басқармасы, жол-пайдалану қызметінің өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны