29.01.2013, 10:34 3139

Алматы облысындағы 6.1 балдық жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4 баллдан жоғары 9 афтершок болды

Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметіне қарағанда, кеше Гринвич уақыты бойынша 16.38:52-де (Астана уақыты бойынша 22.38) Алматыдан шығысқа қарай 243 шақырым жерде Нарынқол ауылы маңында жер сілкінісі болды.

Астана. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы 6.1 балдық жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4 баллдан жоғары 9 афтершок болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметіне қарағанда, кеше Гринвич уақыты бойынша 16.38:52-де (Астана уақыты бойынша 22.38) Алматыдан шығысқа қарай 243 шақырым жерде Нарынқол ауылы маңында жер сілкінісі болды.

Эпицентр координаты: 42.64 градус солтүстік ендік, 79.76 градус шығыс бойлық. Энергетикалық сыныбы - 15.3. Тереңдігі = 10 шақырым, магнитудасы Mw = 6.1. Алматы қаласында бұл сілкіністің әсерінің күші 4-5 балл болды. Одан кейін Гринвич уақыты бойынша 17:09, 17:12, 17:31, 18:49. 19:11, 19:47. 20:37, 20:40 және 23:49-да күші 4 баллдан жоғары 9 афтершок тіркелді. Онда 4.2 және 4.4 баллдық тербеліс бір-бірден, 4.3 пен 4.5 баллдықтан екі, ал 4.8 баллдықтан үш рет болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны