19.03.2010, 16:29 3712

Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасының қожайыны бір маусымда суды сатудан 200 млн астам теңге тауып отырған - газет

Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасының қожайыны бір маусымда суды сатудан 200 млн астам теңге тауып отырған - газет

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасына қожайындық жасайтын "Шынар" ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директоры Қуаныш Бекеев егін суаратын маусымда судың бір текше метрін 23 теңгеден сататын болған. Ол сөйтіп бір маусымда суды сатудан 200 млн астам теңге тауып отырған. Сондай-ақ, ол Талдықорған қаласының прокуроры Азамат Бекеевтің әкесі екені анықталды, деп деп хабарлайды Kazakhstan Today "Экспресс-К" газетіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, мақалада хабарланғанындай, "бұрынырақ ұсталған Қ. Бекеев "денсаулық ахуалының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылған". Жергілікті тұрғындардың пікірінше, "егер оған қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, мысалы, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынса, онда таңдануға болмайды".

"Бұл -рас. Ұсталған Қуаныш Бекеевич Бекеев, 1946 жылы туған азамат - Талдықорған қаласының прокуроры Азамат Бекеевтің әкесі. Ал Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Есет Жүнісов пен аудандық су тұтынушылар кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов қызмет бабында ғана емес, сонымен бірге туыстық байланыста, олар - ағалы -інілі жігіттер, екеуінің де жөні - Имангелдіұлы, Есет - үлкені, Мұхит - кішісі. Менің бар айта алатыным -осы, одан өздеріңіз-ақ қорытынды жасай беріңіздер", - деп газетке құқық қорғау органындағы ақпарат көзі хабарлаған.

"Мүдделі тұлғалардың ауыл тұрғындарына шаруашылық егіс алқаптары мен бақшадағы дақылдарын суғаруға су сату арқылы қандай пайда тауып келгенін қарапайым математикалық есептермен-ақ болжамдауға мүмкіндік бар. Тағы бір рет еске сала кетейік, Қызылағаш су қоймасының көлемі 42 млн текше метрді құрайды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, маусым кезінде 12 млн текше метрге дейін су сатылатын. Ал бір текше метрінің құны - 23 теңге", - делінген мақалада.

"Экспресс-К" ақпаратына сенсек, "ресми мәліметтерге сай ауылда 2240 адам тұрған. Тек алдын-ала есеп бойынша пайда көлемі 276 млн теңге болып шығады".

"Бұл пайданың қалай бөлініп келгенін бір құдай біледі, бірақ, бірнеше адамға бөлгенде шығатын сан - аз емес. Қандайбір залал-зардабына бас қатырмастан, суды көбірек жинауға деген талпыныстың түпкі себебі осыдан -ақ түсінікті ", - деп жазады басылым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны