05.05.2017, 18:07 9304

Алматы облысыныӊ әкімі соғыс ардагерлерін үйлеріне арнайы барып, құттықтады

Алғашқы болып халық "паравоз апа" атап кеткен Алтынай Есболатованыӊ шаӊырағына келген облыс басшысы ардагерге құттықтау тілегін және сый-құрметін білдірді.

Талдықорған. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында тұратын бірқатар соғыс ардагерлерін үйлеріне арнайы барып, құттықтады. Облыс басшысымен қатар ардагерлерге мектеп оқушылары да гүл шоқтарын ұсынып, өлеӊ оқып берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алғашқы болып халық "паравоз апа" атап кеткен Алтынай Есболатованыӊ шаӊырағына келген облыс басшысы ардагерге құттықтау тілегін және сый-құрметін білдірді.

- Елбасыныӊ атынан, облыс жұртшылығы атынан Сізді Ұлы Жеӊіс мерекесімен құттықтаймын. Бізге бүгінгідей бейбіт өмір сыйлағандарыӊыз үшін әрқайсыларыӊызды мақтан тұтамыз, алдарыӊызда бас иеміз. Сізді құттықтауға келген осы өскелеӊ ұрпаққа сіздер қашанда үлгісіздер. Біз сіздердіӊ ақ баталарыӊызбен көгереміз. Алдымызда ақылшы, тілекші боп аман жүріӊіздер, - деп ізгі тілегін жеткізді.

Алтынай Жайнаққызы өз кезегінде соғыс кезіндегі сұрапыл жылдардан шағын естеліктер айтты.Ардагердіӊ неміс әскербасы Ф. Паулюс пен оныӊ 1200 солдатыныӊ тұтқындалғанына куә болып, тұтқын солдаттарды тауар пойызымен алып барғаны, Жеӊіс шеруі кезінде маршал Жуков пен маршал Рокоссовксийді көргені және басқа да мағыналы естеліктерін жас өрендер қызыға тыӊдады. Алтынай апа 1941 жылы майданға аттанып, кондуктор ретіндеәскери эшалонмен бірге жүрген, машинист болған кездері де аз емесҰлы Жеӊіске куә болып, 1946 жылы елге оралды.

- Біздіӊ көрген бейнетімізді, қиындығымызды көрмеӊдер. Балалар тек жалқауланбай оқысын. Білім бәрінен жақсы. Алла мені осы күнге жеткізгеніне разымын. Еӊ бастысы еліміз тыныш болсын, ел басқарып жүрген азаматтарымыз аман болсын, балалар бейбіт өмірдіӊ қызығын көрсін! - деді Алтынай апаақ тілегін білдірді.

Мұнан соӊ Хасан Боранбаевтыӊүйіне атбасын тіреп, ақсақалды мерекемен құттықтады. Облыс басшылығыныӊ құттықтауы мен мектеп оқушыларыныӊ жалынды жырларын тыӊдаған Хасан ата үлкендерге көрсетілген құрметі үшін алғысын білдіріп, жас өрендерге ақыл-кеӊесін айтты. Х. Боранбаев соғыс кезінде Кировоград, Яссы, Воронеж, Рыбница қалаларын жаудан азат етуге қатысып, Венгрия, Румыния, Австрия, Чехославакия елдерін жаудан қорғау ұрыстарын бастан кешірген.

Кезекті құттықтау соғыс ардагері Григорий Харченконыӊ шаӊырағында жалғасты. Григорий Назарович артиллерия полкініӊ құрамында Ленинград пен Прибалтика түбінде ұрысқа кіріп, 1948 жылы Литва шайқасынан елге оралды. Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіруге белсене атсалысқан ақсақал өмірін гидро-, жылу-, электр станцияларын салу ісіне арнады.

Облыс әкімі А. Баталов ардагерлерге басқа да сыйлықтармен қатар ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер тарту етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны