20.07.2018, 19:21 6060

Алматы облысыныӊ Алакөл ауданы Ақши ауылында дуатлоннан "Алакөл - 2018" республикалық спорттық турнирі өтті

Жарыстыӊ салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов осыдан екі ай бұрын Алакөлге жұмыс сапарымен Елбасы келіп, мұндағы инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарға оӊ баға бергенін еске салып өтті. Иуежай, темір жол вокзалы салынғанын, мұндай жұмыстар үздіксіз жалғасатынын тілге тиек етті.

Талдықорған. 20 шілде. Kazakhstan Today - Кеше Алматы облысыныӊ Алакөл ауданы Ақши ауылында дуатлоннан "Алакөл - 2018" республикалық спорттық турнирі өтті. Астананыӊ 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа облыс әкімі Амандық Баталов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және "ZHERSU"корпорациясыныӊ президенті Бауыржан Оспанов арнайы барды. Сонымен қатар Олимпиада жеӊімпаздары Нұрбақыт Теӊізбаев, Фархат Харки, Карина Горичева, Денис Ұланов да қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жарыстыӊ салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов осыдан екі ай бұрын Алакөлге жұмыс сапарымен Елбасы келіп, мұндағы инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарға оӊ баға бергенін еске салып өтті. Иуежай, темір жол вокзалы салынғанын, мұндай жұмыстар үздіксіз жалғасатынын тілге тиек етті.

- Алакөлдіӊ шипалы суын, оныӊ жағалауындағы қолайлы жағдайды көпшілікке таныстырып, насихаттай жүруіміз керек. Бүгінгі дуатлоннан өтіп отырған туринирдіӊ көл жағалауында ұйымдастырылуыныӊ өзі бекер емес. Алдағы уақытта мұнда халықаралық жарыстар өткізуге де болады, - дей келе А. Баталов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шараныӊ Астананыӊ 20 жылдығы аясында өтіп отырғанын айтты. Сонымен қатар Елбасыныӊ тапсырмасына орай өӊірде туризмді, соныӊ ішінде Алакөл жағасын дамытуға қолдау білдіріп жатқан ел азаматтарына ризашылығын білдірді.

Жарысты ұйымдастырушы Дене шынықтыру және спорт комитеті мен Алматы облысыныӊ әкімдігі турнирге дуатлонды бұқаралық спорт түрі болғандықтан таӊдап алған. Оған кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Яғни кәсіби спортшылармен қатар әуесқой спортсүйер қауым да қатысуға мүмкіндік алды. Биыл екінші рет өткізіліп отырған шарада 100-ден астам спортшы бақ сынасты. Олардыӊ қатарында Алматы облысымен қатар, Алматы, Астана қалаларыныӊ, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстардыӊ өкілдері бар.

Турнирдіӊ бірінші кезеӊіндегі веложарыста спортшылар 20 шақырымға жүріп өтсе, дуатлонда велосипедпен 10 шақырымды бағындырып, спортшы ары қарай жарыс жолын жүгірумен жалғастырды.

Жарыс жеӊімпаздарына бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар тапсырылды.

Сондай-ақ осы күні белгілі велошабандоз Александр Винокуровтыӊ велосипеді мен Олимпиада жеӊімпаздарыныӊ футболкалары лоторея билеті арқылы ұтысқа салынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны