29.05.2008, 16:57 3407

Алматы облысының Алакөл ауданында 9 бала энтеровирус-71 жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Алматы облысының Алакөл ауданында 9 бала энтеровирус-71 жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Алакөл ауданында 9 бала энтеровирус-71 жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне республикалық СЭС-тің жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Қуатбаева хабарлады.

"Алакөл ауданындағы екі елдімекенде энтеровирус жұқтырды деген күдік туған 9 оқиға тіркелген. Бұлар алты жасқа дейінгі балалар, олар ауруханаға жатқызылды", - деді А. Қуатбаева.

Қазір алғаш ауырған екі баланың зерттеу нәтижелері алынды, энтеровирус жұқтырды деген диагноз расталған жоқ. Бұл балалар коксаки вирусын жұқтырған, ол денсаулыққа аса зиянды емес, арнаулы емдеуді талап етпейді және жаппай таралмайды. Тағы 7 баланың зерттеу нәтижелері келесі аптада алынады.

Ал осынау індеттің елге келуін эпидемиолог мамандар ауыл тұрғындары Қытаймен шекаралас өңірлерге барған кезде балалардың дертті жұқтыруымен байланыстырады.

"Біздің жорамалымыз бойынша, жұқпалы дертті Қорғас пен Достық аудандарына жиі баратын ата-аналары әкелген. Олар осы аталған елдімекендерден жеміс-жидек пен көкөніс әкеліп, балалар оны жумастан жеген болуы мүмкін", - деді А. Қуатбаева.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, жұқпалы дерттің таралып кетпеуі үшін дәрігерлер аудандағы үйлерді аралай бастады. Сонымен бірге, қазір елдімекендерде тұрғындардың жиналыстары өткізіліп, онда халыққа жұқпалы дерттің белгілері мен оның таралу жолдары туралы ақпарат берілуде.

"Кеше маған аудандағы ахуалға алаңдаушылық білдңрген бір ана телефон соқты. Ол өз балаларын осы ауданнан алып кеткісі келетінін жеткізді. Олай істеуге болмайды. Бұлар дені сау балалар, бірақ біз олардың ауруды жұқтырған-жұқтырмағанын біз нақты білмейміз. Ауру белгілері оны жұқтырғаннан кейін 10 күнде пайда болады. Изірге балалардың үйде қала тұрғаны дұрыс", - деді А. Қуатбаева.

Ол сондай-ақ, көбінесе балаларға жұғатын энтеровирус-71-ді жұқтыру белгілері жайлы айтып берді. Ауру қалтырау, дімкәстік пен грипп ахуалынан басталады. Одан 2-3 күннен кейін қолдары мен алақандарында бөрткен шығып, аузында стоматит пайда болады. 7-8-ші тәулікте температура көтеріледі.

"Ауру толқын түрінде өтеді, температура бірнеше мәрте көтерілуі мүмкін, жаралар қайталанады. Баланың тамаққа тәбеті соқпай, сусында аз ішеді, соның кесірінен адамның ағзасы сусызданады. Жүрек-қан тамыры жүйесіндегі аурулар түрінде асқынып, бөлу жүйесі мен бас миы зақымданады. Ауру тек арам қолдан ғана емес, ауа арқылы да таралуы мүмкін", - деді А. Қуатбаева.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазақстандық эпидемиолог мамандар ел аумағына Қытайдан энтеровирус-71-дің келу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

"Біз Қытаймен экономикалық, сауда-саттық және туристік жақсы дамыған байланыстағы елміз. Сол себепті шекаралар мен жалпы халық арасында алдын-алу жұмыстары жүргізілуде", - деді А. Қуатбаева.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног республиканың барлық өңірлеріне алдын алу және эпидемиологияға қарсы шараларды күшейту жөнінде ресми хат жолдаған. Республикалық СЭС мамандары бұған қоса бірқатар алдын алу шараларын дәйектеп, санитарлық-эпидемилогиялық қызмет мамандары абсшылыққа алуы үшін өңірлерге жолдады. Ұшақтар мен пойыздардың жолсеріктеріне де ауру белгілері жазылған тиісті нұсқаулықтар алды. Дәрігерлер халықты, әсіресе, Қытайдың шығыс провинцияларында болғандарды аса абай болуға шақырады.

Энтеровирус-71-ді көбінесе екі жасқа дейінгі балалар жұқтырады.

Эпидемиологтардың пайымдауынша, вирус тіпті Қазақстан аумағына өтіп кеткен жағдайда да оның еліміз аумағында таралып кетпеуіне шаралар қолдануға олар дайын. "Республикалық СЭС-тің жанындағы вирусологиялық зертхана энторовирустармен көптен бері жұмыс істеп келеді. Бізде заманау жабдықтар да, кәсіби білікті мамандар да бар", - деді А. Қуатбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны