17.10.2018, 18:09 4190

Алматы облысыныӊ Ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесініӊ басшысы пара алу күдігі бойынша ұсталды

Ағымдағы жылдыӊ 10 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Алматы облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысын ұстады.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - "Алматы облысыныӊ Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесініӊ басшысы пара алу күдігі бойынша ұсталды.

Ағымдағы жылдыӊ 10 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Алматы облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысын ұстады.

Ол мердігер ұйымныӊ басшысынан келісімшарт бойынша атқарылған жұмыстардыӊ актісіне кедергісіз қол қою үшін 5,5 млн. теӊге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Тергеу барысында, пара берген - облыс мәслихатыныӊ депутаты мен оныӊ баласы екені анықталды.

Сол күні Алматы облысыныӊ ауыл шаруашылығы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Сондай-ақ, пара бергені үшін депутаттыӊ ұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Ағымдағы жылдыӊ 12 қазанында Талдықорған қаласыныӊ арнайы тергеу сотыныӊ санкциясымен аталған тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Егде жаста болуына және денсаулығына байланысты облыстық мәслихат депутаты қамауға алынбады.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны