23.07.2015, 17:30 7338

Алматы облысыныӊ жекелеген тау өзендерінде су тасқыны болуы ықтимал

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" ӨММ-ніӊ СГЯ № 40 23.07.2015 ж. бастап ескертеді!

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" ӨММ-ніӊ СГЯ № 40 23.07.2015 ж. бастап ескертеді! Шілде айыныӊ 24-27 күндері аралығында Алматы облысыныӊ жекелеген тау өзендерінде, биік таулы аймақтарында жылу қорыныӊ көбеюіне байланысты, қарқынды қар еруімен және күтілетін жауын-шашын әсерінен жаӊбыр-су тасқыны болуы ықтимал, таулы аймақтарда сел жүру қауіпі сақталынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыған байланысты Департамент, Алматы қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын ескертеді:

* Қауіпті аймақтан кету;

* Сел қауіпі туындағанда билік орындарына хабарлау ;

* Қауіпті аймақта жүрген кезде са болыӊыздар;

* Жүріс барысында, сел қауіпініӊ алғашқы белгілерін байқау үшін, қауіпті тау шатқалына тас лақтырып көріӊіздер;

* Адамдарды қорғау бойынша арнайы жоспарлардыӊ бар екенін білу керек, себебі қауіпті жағдайда оларды пайдалана білу үшін.

Сақ болыӊыздар!
Алматы қаласы ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны