14.01.2016, 10:39 4070

Алматы полициясы балабақшаларды торуылдаған ұрыларды ұстады

Алматы полициясы балабақша мен мектептердіӊ маӊын торуылдаған ұрыларды ұстады. Олар балаларын оқу орнына ?келген ата-аналардыӊ көліктерін бұзып, ішінен құнды заттарды қолды еткен

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы полициясы балабақша мен мектептердіӊ маӊын торуылдаған ұрыларды ұстады. Олар балаларын оқу орнына ?келген ата-аналардыӊ көліктерін бұзып, ішінен құнды заттарды қолды еткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Соӊғы уақыттарда шағым жасаған азаматтардыӊ саны көбейді. Қылмыс сипатына қарап бір топтыӊ жасап жүргені екенін аӊғардық. Олар кешке ж?не таӊертеӊ бақшалардыӊ қасына тоқтаған ?йел жүргізушілердіӊ көлігін бұзып, салондағы бар құнды заттарын қолды еткен",- деді ?уезов аудандық ІІБ басшысыныӊ орынбасары Құмарбек Кеншінбаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, еӊ соӊғы рет қарақшылыққа шыққанда күдіктілер бір ?йелдіӊ үйініӊ кілтін ұрлаған. Келіншектіӊ қай жерде тұратынын бақылаған соӊ п?терін де тонап кеткен.

"Кезекті рет жымысқы ойын жүзеге асырып жатқан кезде олар қолға түсті. Қазір олардыӊ 7 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жапа шекендердіӊ саны мұнан да көп болуы мүмкін",- деді Қ.Кеншінбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны