11.06.2015, 12:20 3225

Алматы полициясы бейнебақылау камераларын ұрламақ болған күдіктілерді ұстады

Алматы полициясы қалада "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша орнатылған бейнебақылау камераларын ұрламақ болған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады

Алматы. 11 Маусым. Kazakhstan Today - Алматы полициясы қалада "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша орнатылған бейнебақылау камераларын ұрламақ болған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қаскүнемдер таӊғы сағат төрт шамасында "Орбита-3" ықшам ауданындағы 16-шы үйдіӊ бірнеше кіреберісінде орнатылған бейнебақылау камераларын ұрламақ болған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Олар камераларды бұрап ала бастаған. Ал кейбіреуін тіпті күшпен жұлып алған. Осылайша қатты дыбыстан кейбір тұрғындар оянып кетеді. Сөйтіп, олардан "102" пультіне дер кезінде хабар келіп түсті. Үш минуттыӊ ішінде оқиға орнына "Боран-064" және "Боран-056" жол-патрульдік полициясыныӊ екі экипажы келіп жетті. Инспекторларды көрген замат, күдіктілер қашып кетпекке әрекет жасайды. Бірақ, екеуі де қылмыс үстінде ұсталды. Тексеру барысында күдіктілерден 4 бейнебақылау камерасы табылып, тәркіленді. Олар қылмыстық істіӊ материалдарына бұлтартпайтын заттай айғақ ретінде қоса тіркелді", - деді Бостандық ауданды ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Берік Ибілбеков.

Ал ұсталғандар бұл қылмысқа тек пайда табу үшін барғандарын айтты. Белгілі болғанындай, жас азаматтар ұрланған заттарды сатып, ақша таппақ болған.

"Қаладағы тұрғын үйлерге бейнебақылау камераларын орнату тиімді екендігін көрсетіп отыр. Еӊ бірінші кезекте мүліктік қылмыстардыӊ алдын алуда тиімділігі айқын. Екіншіден, құқыққа қайшы әрекеттерді ашуда көмегі орасан зор. Бүгінгі таӊда, "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша Алматы қаласында 3 мыӊнан аса тұрғын үй орналасқан 2 мыӊнан астам аулаға 15 мыӊға жуық бейнебақылау камералары орнатылды. Тұрғын үйлерді осындай техникалық құрылғылармен жабдықтау жұмыстары соӊғы екі жыл көлемінде жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Тағы да айта кетейін, бейнебақылау камераларын қасақана ұрлаған немесе істен шығарғандар ағымдағы занамаға сәйкес, жауапкершілікке тартылады. Ал ұсталған күдіктілердіӊ ісіне ҚР Қылмыстық Кодекстіӊ 188-ші бабыныӊ нормалары бойынша баға беріледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" - деді өз кезегінде Алматы қ. ІІД Икімшілік полиция басқармасыныӊ бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны