01.08.2006, 15:12 3013

Алматы полициясына жаңа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы ақпаратты қаланық ІІД-нің баспасөз қызметі Kazakhstan Today тілшісіне растады.

"Республика ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы қалалық ІІД-нің төрағасы болып Ерлан Заманбекұлы Тұғынбаев тағайындалды", деп хабарлайды полиция. Бұл тағайындауға дейін Е.Тұғынбаев ҚР ІІМ-нің тергеу комитетін басқарған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қалалық ІІД-нің бұрынғы төрағасы Молдияр Оразалиев резервке жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны