22.04.2016, 15:32 4700

Алматы соты "Вконтакте" желісіндегі екі топтыӊ Қазақстанда таралуына тыйым салды

Алатау аудандық соты әлеуметтік желідегі екі интернет пабликтіӊ жұмысын тоқтату туралы аудандық прокурордыӊ өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы қалалық соттыӊ баспасөз қызметі хабарлады

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда "Вконтакте" желісіндегі екі топтыӊ Қазақстанда таралуына тыйым салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алатау аудандық соты әлеуметтік желідегі екі интернет пабликтіӊ жұмысын тоқтату туралы аудандық прокурордыӊ өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы қалалық соттыӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Іс материалдарын қарау кезінде анықталғандай, онда жарияланған ақпараттар адамныӊ өзіне қол жұмсауына итермелейді.

Алатау аудандық соты аталған шетелдік ресурстағы ақпарат Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына қайшы деп тауып, интернет-қаумдастықтыӊ Қазақстан бойынша таралуына тыйым салды.

Үкім заӊды күшіне енді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны