19.06.2008, 17:13 2516

Алматы су арнасы күндізгі уақытта суару жұмыстарын жүргізген тұтынушыларға су беруді тоқтатпақ

Алматы су арнасы күндізгі уақытта суару жұмыстарын жүргізген тұтынушыларға су беруді тоқтатпақ

Алматы. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы су арнасы күндізгі уақытта суару жұмыстарын жүргізген тұтынушыларға су беруді тоқтатпақ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Су арнасы" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Күн ыстық болған кездері біз су жіберуді шектейміз. Өйткені, тұтыну көлемі орасан зор. Сол себепті қаланың жоғарғы бөлігі сусыз қалуда", - деп мәлімдеді "Су арнасы" МКК баспасөз хатшысы Ерлан Назаров агенттік тілшісіне. "Ауыз судың аса қиын жағдайы қалыптасып келе жатыр", - деп толықтырды ол.

"Су арнасы" таратқан хабарламада көрсетілгендей, "Алматы қаласында суық суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында "Су арнасы" МКК заңды және жеке тұлғаларды күндізгі уақытта көгалдарды, бақшаларды, асфальт төселген жолдарды заңсыз суарғаны үшін жауапкершілік артатыны жайлы ескертеді".

Е. Назаровтың айтуынша, тиісті қаулыны "Су арнасы" осыдан бірнеше жыл бұрын жариялаған және оны әкімдік мақұлдаған. Алайда, ол әлі күнге дейін өз деңгейінде орындалмай отыр. Бұл құжатқа сәйкес Алматы қаласында суару жұмыстарын түнгі сағат 23.00 мен таңғы 5.00 аралығында ғана жүргізуге рұқсат етілген. Бұдан былай "Су арнасы" бұл қаулыны бұзғандарға әртүрлі санкция қолдануды қарастырып отыр. "Біз ондайларға айыппұл саламыз. Сосын ескерту жасаймыз. Тіпті болмаса оларды судан ажыратамыз", - деп хабарлады Е. Назаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны