18.03.2016, 15:22 6089

Алматы тауларын мекендейтін қар барысы фототұзаққа ілінді (ВИДЕО)

Қазақ география қоғамыныӊ командасы Алматы облысыныӊ биік тауларын мекендейтін қар барысын суретке және видеоға түсіріп алды. Бұл туралы қоғам белсенділерініӊ Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтылған

Алматы. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақ география қоғамыныӊ командасы Алматы облысыныӊ биік тауларын мекендейтін қар барысын суретке және видеоға түсіріп алды. Бұл туралы қоғам белсенділерініӊ Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Фототұзақтар жетоқсан айында "Қар барысын сақтайық" жобасы аясында Іле Алатауыныӊ құз-жартастарына, қия-беткейіне орнатылды. Аӊдардыӊ санын, миграциясы мен мекендеу аймағын бақылап отыру үшін 30 фототұзақ құрылған, деп жазады gismeteo.kz.

Ақ барыстан бөлек, фототұзақ объективіне марал секілді басқа да жануарлар ілігіп отыр.

Бүгінде жойылудыӊ аз-ақ алдында жүрген қар барысы Қызыл кітапқа енгізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны