11.03.2011, 13:58 3641

Алматы және ШҚО тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы және ШҚО тауларында алдағы күндері қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматы және ШҚО тауларында алдағы күндері қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК ескертуінде, "Алматы облысының таулы аймақтарында күн күрт жылынып, жауын-шашынның көп жаууына байланысты 2011 жылдың 11-13 наурыз күндері қар көшкіні болуы мүмкін" деп көрсетілген.

Сонымен қатар, "ШҚО таулы аймақтарында қарың қалың жауып, боран соғуына байланысты 2011 жылдың 11-13 наурыз күндері қар көшкіні болуы мүмкін",- деп көрсетілген хабарламада.

"Таулы жерлерде абай болыңыздар",- деп ескертеді "Қазгидромет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны