06.01.2016, 14:46 4289

"Алматы-Актобе" жүрдек пойызы енді күнара қатынайтын болады

Жолаушылар тасымалы" АҚ 2016 жылдыӊ 7 қаӊтарынан бастап "Алматы-2-Актобе" бағыты бойынша №49/50 жүрдек пойызыныӊ екінші құрамыныӊ жолға шығатынын хабарлайды. Бұрын аталмыш пойыз 4 күнде бір рет жүрсе енді күн ара қатынайтын болады. Жолда жүру уақыты - 29 сағат, бұл діттеген жеріне кәдімгі пойыздардан 14 сағат бұрын барады деген сөз

Алматы. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2016 жылдыӊ 7 қаӊтарынан бастап "Алматы-2-Актобе" бағыты бойынша №49/50 жүрдек пойызыныӊ екінші құрамыныӊ жолға шығатынын хабарлайды. Бұрын аталмыш пойыз 4 күнде бір рет жүрсе енді күн ара қатынайтын болады. Жолда жүру уақыты - 29 сағат, бұл діттеген жеріне кәдімгі пойыздардан 14 сағат бұрын барады деген сөз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екінші құрам 29 жаӊа "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұрады. Ол 2-і "Гранд", 2 -і "Бизнес", 20 "Турист" вагондарынан және 2 вагон-ресторан мен 3 техникалық вагондардан құралған.

Бұл пойызда да Жаӊа жыл қарсаӊында барлық "Тұлпар-Тальго" пойыздарына енгізілген 40 пайызға дейінгі жеӊілдіктер дисконттық карталар мен икемді тарифпен қоса қолданылады.

Мысалы, 2016 жылдыӊ 11 қаӊтар күні жүретін пойызға жолаушыныӊ "Турист" вагонға билетті сол күні 8500 тенгеге алу мүмкіндігі бар. Ал "Құрмет" пен "Жастар" дисконттық карталарға ие зейнекерлер мен студенттер бұл билетті 30 пайыздық жеӊілдікпен 5950 тенге ала алады. Егер жолаушы ертерек қамданса билет бағасы 5500 тенгеге, анағұрлым арзанға түспек.

Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарыныӊ кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны