02.06.2008, 12:43 1390

Алматыда 10 маусымнан бастап қоғамдық көліктегі жолақы құны қымбаттайды - газет

Алматыда 10 маусымнан бастап қоғамдық көліктегі жолақы құны қымбаттайды - газет

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 10 маусымнан бастап қоғамдық көліктегі жолақы құны қымбаттайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Вечерний Алматы" газетіне сілтеме жасай отырып.

"Жолаушылар тасымалы" МКК "Алматы қаласының аумағында қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жолаушылар мен жүк тасымалының тарифі 2008 жылдың 10 маусымынан бастап 50 теңге көлемінде болады" деген хабарландыру жариялаған.

Сондай-ақ, азаматтардың белгілі бір дәрежесіне жеңілдіңтер жүйесі сақталатыны хабарланған. Атап айтқанда, арнайы жол жүру билеті болған жағдайда қалалық қоғамдық көлікте Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ауру ардагерлерін күтетін жақын туысқандары және 7 жасқа дейінгі балалар тегін жүре алады. Сонымен қатар, арнайы жол жүру билеті болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерінің әскери қызметкерлері тегін жүре алады.

Тиісті құжаты болған жағдайда жас мөлшеріне байланысты зейнеттік демалысқа шыққандар, 7-15 жас аралығындағы балалар және грантпен оқитын жоғарғы және арнайы оқу орындарының студенттері 50 пайыздық жеңілдікпен жүре алады.

Оның үстіне, меншік формасына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жалпы білім және бастауыш кәсіби білім беретін оқу орындарының оқушылары үшін трамвай мен троллейбусқа 600 теңге, автобустарға 850 теңге көлеміндегі жеңілдікті айлық жол жүру билеттері шығарылады.

Трамвай мен троллейбустарға іштей бөлімде арналған студенттерге арналған жеңілдікті айлық жол жүру билеттері 1150 теңге тұрады. Жас мөлшеріне байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлерге трамвай мен троллейбустарда жүруге арналған айлық жол жүру билеттері 700 теңге тұрады.

Үлкен кісілерге арналған трамвай мен троллейбустардағы жалпы айлық жол жүру билетінің құны 1800 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны