24.05.2013, 14:51 3788

Алматыда 11 көшенің тұрғындары суық сусыз қалды

Алматыда 11 көшенің тұрғындары суық сусыз қалды

Алматы. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда бүгін су құбырындағы апатқа байланысты 11 көшеге суық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Холдинг Алматы Суға" сілтеме жасай отырып хабарлауынша:

Сағат 9.30-дан 19.00-ге дейін Сусанин -Фадеев - Кудерин - Петровский көшелерінің айналасында орналасқан үйлерге;

Сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Мамыр Таңы көшесіндегі үйлерге;

Сағат 8:40 -тан 16:00-ге дейін Олимпийская, Кербұлақ көшесіндегі үйлерге;

Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Шмидт, Орловская, Совхозная, Кобиков көшесіндегі үйлерге суық су уақытша тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны