21.01.2013, 11:09 3542

Алматыда 1 ақпаннан бастап су бағасы қымбаттайды

Соның ішінде өлшеу құралы бар жеке тұлғалардың пайдаланатын су көлемі 1,7 текше метрден аспаса, олар бірінші топ бойынша, яғни, судың 1 текше метріне 25,07 теңге төлейді. Ал, 2-топқа жататын, пайдаланатын су көлемі 1,7 текше метрден 3,8 текше метрге дейін жететін өлшеу құралдары бар жеке тұлғалар, бюджеттік нысандар, энергияны тасымалдау және таратумен айналысатын кәсіпорындар, жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындар судың 1 текше метріне 46,29 теңге төлейтін болады.

Алматы. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда 1 ақпаннан бастап су бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылы 4 қаңтарда шыққан №6 бұйрығына сәйкес, қаңтардың 1 ақпанынан бастап Алматыда су бағасы қымбаттайды. Жаңа өзгерістер бойынша қала тұрғындары ақысын пайдаланған су көлеміне қарай төлейді. Осыған дейін өлшеу құралдары бар жеке тұлғалар суға бір тариф бойынша төлем жасап келген болатын. Ендігі кезекте халыққа пайдалану көлеміне қарай 3 деңгейлі тарифтік белгілеу бекітілмек.

Соның ішінде өлшеу құралы бар жеке тұлғалардың пайдаланатын су көлемі 1,7 текше метрден аспаса, олар бірінші топ бойынша, яғни, судың 1 текше метріне 25,07 теңге төлейді. Ал, 2-топқа жататын, пайдаланатын су көлемі 1,7 текше метрден 3,8 текше метрге дейін жететін өлшеу құралдары бар жеке тұлғалар, бюджеттік нысандар, энергияны тасымалдау және таратумен айналысатын кәсіпорындар, жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындар судың 1 текше метріне 46,29 теңге төлейтін болады.

3-топтың тұтынушылары пайдалану көлемі 3,8 текше метрден асатын өлшеу құралдары бар жеке тұлғалар, өлшеу құралдары жоқ тұлғалар, 1 және 2 топқа жатпайтын заңды тұлғалар судың 1 текше метріне 128 теңге төлейтін болады.

Естеріңізге салай кетейік, 2012 жылы қазанда ҚР Табиғи монополияны реттеу агенттігі Алматыда суға жаңа әртараптандырылған тарифтік белгілеулерді бекіту туралы бірқатар басқосу өткізген болатын.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жаңа ереже қаланың су ресурстарын үнемдеуге септігін тигізетінін айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны