10.10.2006, 10:22 2800

Алматыда 2006 жылдың тоғыз айында жол апаты 11% артқан

АЛМАТЫ . 10 қазан. Kazakhstan Today. Алматыда үстіміздегі жылдың тоғыз айында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол апатының саны 11% өскен. 2009 жол апатынан 160 адам көз жұмды, 2237 адам түрлі дәрежеде жарақат алды, олардың 328 балалар. Бұл жөнінде Алматы қалалық әкімшілікте өткен жиын барысында Алматы ІІД ЖПБ бастығы Бақытбек Айхымбеков мәлімдеді.

Жол полициясы басқармасының мәліметі бойынша, үстіміздегі жылдың тоғыз айында 16 386 жол апаты тіркелген. 2009 жол апатынан 160 адам көз жұмды, 2237 адам түрлі дәрежеде жарақат алды, олардың 328 балалар.

"Қаза тапқан және зардап шеккен балалар саны азайды. Бірақ жол апатының жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 11% өсті",-дейді Б.Айхымбеков. "Оның ішінде жол оқиғасының 27% шеттен келген көліктердің қатысуымен болған",-деп атап өтті ол.

Б.Айхымбековтың пайымдауынша, жол апаты санының артуына тек автокөліктердің көбеюі себеп емес. "Илемдік тәжірибе бойынша көліктер, профилактикалық шаралар дұрыс жүргізілмейінше жолдағы жағдайға ықпал етеді",-деді ол. ІІД ЖПБ бастығы , келесі жылдан бастап жүргізу құжаты ІІМ берілетінін айтты.

Оған қоса, Б.Айхымбеков , Алматыда жеті орында бейнекбақылау жұмыс істейтінін ескертті. "Біз күнделікті 1000-1200 ге жуық жылдамдық ережесін бұзу дерегін тіркейміз, оның бәрі сарапталуда. Бүгінгі таңда, 12 мың заң бұзушылық тексерілді, оның ешқайсысына қатысты шағым болған жоқ",- деп атап өтті Б.Айхымбеков. Сонымен қатар, ол осы жылдың соңына дейін тағы 8 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отырғанын айтты. "Оған тиісті қаражат бөлінді",-деді басқарма бастығы.

Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті директоры Зәуре Аманжолованың айтуынша, осы жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында жол апатынан зардап шеккен 103 адам стационарда көз жұмған, оның үшеуі балалар. З.Аманжолова, жүргізушілердің мәдениетсіздігін атап өтті. "Оқиға орнына дер кезінде жету, зардап шеккендерді тиісті емдеу орындарына жеткізу қиынға соғуда, жүргізушілер жедел жәрдем қызметі көлігіне жол бермейді. Егер өткен жылы бір оқиға орнында қызмет көрсету уақыты орташа алғанда 40 минут болса, биыл 52 минут",-деді З. Аманжолова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны