16.03.2015, 23:42 5147

Алматыда 2015 жылы күштілігі 5,5 баллдан жоғары жер сілкінісі болмайды - Сейсмология институты

"Жылдыӊ соӊында келер жылға орташа мерзімге болжам жасалады. Қорытындыға сәйкес Қаскелеӊ яғни, солтүстік Тян-Шань аймағы сейсмологиялық қауіпті аймақтыӊ құрамына енді. Жер сілкінісі бұл аймақта қалыпты жағдай десек те болады. Бұл жерде сейсмикалық белсенді фаза жүріп жатыр. Қазір бұл аймақ мамандардыӊ жіті бақылауында. 2015 жылға жасалған болжамға сәйкес Алматыда 5,5 баллдан артық жер сілкінісі болмайды"

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда 2015 жылы күштілігі 5,5 баллдан жоғары жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы Сейсмология институты директорыныӊ ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Анатолий Ли айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, 2015 жылы Алматыда ғимараттардыӊ бұзылуына әкелетін жер сілкінісі болмайды. Мұндай қорытындыға мамандар 2014 жылдыӊ соӊындағы ведомствоаралық комиссия отырысында келген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Жылдыӊ соӊында келер жылға орташа мерзімге болжам жасалады. Қорытындыға сәйкес Қаскелеӊ яғни, солтүстік Тян-Шань аймағы сейсмологиялық қауіпті аймақтыӊ құрамына енді. Жер сілкінісі бұл аймақта қалыпты жағдай десек те болады. Бұл жерде сейсмикалық белсенді фаза жүріп жатыр. Қазір бұл аймақ мамандардыӊ жіті бақылауында. 2015 жылға жасалған болжамға сәйкес Алматыда 5,5 баллдан артық жер сілкінісі болмайды", - деді Анатолий Ли.

Сондай-ақ Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментініӊ өкілдері жер сілкінісінен алаӊдауға негіз жоқтығын мәлім етті.

Қалалық ТЖД басшысыныӊ орынбасары Мадияров Нұрлан жүргізілген кешенді іс-шаралар нәтижесінде ғимараттарға ешқандай зақым келмегені және адам өміріне қауіп келтіретін жағдайдыӊ жоқтығын айтты.

Айта кетейік, Алматы маӊындағы жер сілкінісі туралы "ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ-дан (ҚР БҒМ ҒК СТИЭ) хабарлама алған ҚР ІІМ ТЖК Республикалық дағдарыс орталығы, Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖ департаменттерімен жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер жоспарына сәйкес іс-шаралар кешенін ұйымдастырған болатын.

Аталған дерек бойынша жедел штаб іске қосылып, тиісті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар басшылары, Азаматтық қорғаныс қызметі хабардар етілді. ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер күштері қирауы мүмкін тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстарын, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысаналарын және өндірістік нысандар тексерілді.

ТЖ комитеті "Қазселденқорғау" ММ бөлімшелері мореналық көлдерге мониторинг пен бақылауды күшейтті. Барлық нысандар штаттық режимде қызмет етуде. Халықтыӊ өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Алматы маӊында сағат 20:01 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетініӊ Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесініӊ сейсмикалық стансалар желісі тіркеді. Тербеліс эпицентрі Алматыдан оӊтүстікке қарай 28 шақырым жерде Қырғызстанмен шекара маӊында болған. Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 12.9 болса, магнитудасы MPV 6,3 ал тереӊдігі 15 шақырымды құраған. Алматы қаласында зілзаланыӊ 4-5 баллдық әсері болып, дүмпуі сезілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны