13.12.2016, 12:47 6606

Алматыда "25 қайырымды іс" акциясы басталды

Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына орай Медеу ауданы әкімдігініӊ бастамасымен "25 қайырымды іс" акциясы басталды,- деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan Today -Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына орай Медеу ауданы әкімдігініӊ бастамасымен "25 қайырымды іс" акциясы басталды,- деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Іс шараныӊ негізгі мақсаты - Медеу ауданында тұратын аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасы ардагерлерге мереке қарсаӊында қолдау көрсету және келе жатқан мерекелерімен құттықтау.

Осы орайда Медеу ауданыныӊ білім бөлімі №172 мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ЖК "Болашақ" ұйымыныӊ демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі жандар Гойколова Нина Васильевна, 17 жасар Мәметулла Елдар, 11 жасар Өкенов Нұрбахты, сондай-ақ аудандағы балабақша өкілдері 14 жасар Ляшенко Валерия, 13 жасар Қуатов Иділетті және ардагер Федосеева Тамара Григорьевнаны Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығымен құттықтай отырып, азық-түлік себеттері, жаӊа-жылдық сыйлықтар, киімдер және Қазақстан эстрада жұлдыздарыныӊ концертіне билеттер табыстады.

Бұл игі шара Медеу ауданында жыл соӊына дейін жүргізіледі.

Бүгінніӊ өзінде аудандағы кәсіпкерлер "Нұр Отан" партиясыныӊ аудандық филиалы, аудандық құрылымдардыӊ атсалысуымен 200-ге жуық игі іс атқарды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны