04.09.2015, 18:36 4586

Алматыда 25 жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Қайғылы оқиға 30 тамызда Жетісу ауданында орын алған. "Мерседесті" тізгіндеген 29 жасар жігіт Омаров көшесімен батыс бағытта келе жатып, жолды кесіп өтіп бара жатқан жұпты қағып кетеді.

Алматы. 4 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда 25 жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Изірбек хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Медициналық сараптама барысында жүргізушініӊ есірткі пайдаланғаны анықталған. Қайғылы оқиға 30 тамызда Жетісу ауданында орын алған. "Мерседесті" тізгіндеген 29 жасар жігіт Омаров көшесімен батыс бағытта келе жатып, жолды кесіп өтіп бара жатқан жұпты қағып кетеді. Салдарынан 25 жасар бойжеткен сол жерде көз жұмып, қасындағы жігіті бас миы шайқалып, №4-ші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Сот-наркологиялық сараптаудан өткен соӊ, Мерседес жүргізушісініӊ есірткі пайдаланғаны анықталды. Қазір анықтау бөлімінде адам өліміне соқтырған жол апатын жасағаны үшін оған қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот күдіктіні бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға шешім шығарды. 29 жастағы күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды", - деді Салтанат Изірбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны