05.05.2017, 18:04 11472

Алматыда №5 қалалық клиникалық аурухана базасында жаӊа емхана ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек №5 қалалық клиникалық аурухана базасында ашылған жаӊа емханада болды. Медеу ауданында ашылған бұл емхана күніне 600-дейін келушіні қабылдап, 20 мыӊға дейін сараптама жасайды.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек №5 қалалық клиникалық аурухана базасында ашылған жаӊа емханада болды. Медеу ауданында ашылған бұл емхана күніне 600-дейін келушіні қабылдап, 20 мыӊға дейін сараптама жасайды.

Аурухананыӊ бас дәрігері Болат Садықов кезекті тұруды азайту және келушілерге жайлы болу үшін регистратураны алып тастағандарын айтты.

"Арнайы оқудан өткен, қолдарында рациялары бар менеджерлер келушілерді ертіп жүреді және түрлі кеӊестер береді. Бүгінгі күні біздіӊ мамандар заманауи европалық жабдықтармен жұмыс жасауда.. Мысалы, отоларингологтыӊ кабинетіне солардыӊ үздіктерініӊ бірі қойылды. Жалпы, нысан құрылысыныӊ және ондағы қондырғылардыӊ құны 1,5 млрд. теӊгені құрады", - деді Б.Садықов.

Төрт қабатты жаӊа ғимаратта отбасылық, балалар денсаулығы, сурдологиялық, реабилитациялық орталықтар, физиодиагностикалық бөлім, күніне 20 мыӊға жуық адамныӊ сараптамасын жасайтын әрі 5 емдеу мекемесі бекітілген клиникалық-диагностикалық орталықтандырылған зертхана орналасқан.

"Бізге қажет жабдықтардыӊ бәрі сатып алынды. Олардыӊ арасында авторефлектометр бар, оныӊ ерекшелігі екі айлық баланыӊ да көз ауруын бірден анықтай алады. Тіпті, көздіӊ қан қысымын анықтайтын аппарат та бар. Біз енді бұрынғы ескі әдіс бойынша жұмыс істемейміз. Барлық жұмысты автоматты режимдегі қондырғылар атқаратын болады",- деді офтальмолог - дәрігер Елдос Түсіпбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны