11.06.2009, 17:32 3708

Алматыда ағымдағы жылы кене энцефалиті ауруының 4 жағдайы тіркелді

Алматыда ағымдағы жылы кене энцефалиті ауруының 4 жағдайы тіркелді

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ағымдағы жылы кене энцефалиті ауруының 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2009 жылы қаланың жарақат бөлімшелеріне кене шаққан 1700-ден аса адам қаралды. Қала тұрғындары арасынан кене энцефалиті ауруының 4 жағдайы тіркелді, ауырып келгендердің барлығы Алматы облысының тауға жақын орналасқан Талғар, Ақсай, Алма Арасан шатқалы секілді аудандарынан".

Мекеме аталған ауруға байланысты мынадай жайтты ескертеді: көктем мезгілі басталысымен кене энцефалиті вирусын таратушы - қансорғыш кенелердің белсенділігінің күшейгендігін естеріңізге саламыз. Кенелер - кене энцефалитінің тасымалдаушылары болып табылады. Алматы қаласы мен Алматы облысының маңайы кене энцефалиті үнемі таратылып отыратын аймақ болып табылады. Табиғат аясына шығуға жиналғанда бітеу киім, міндетті түрде бас киім киіп, кене көрінетін ашық түсті киім киген жөн, өйткені кенені тез табуға ыңғайлы. Шалбардың балағын нәскиге салған жөн, кенеден сақтану жолдарын ойластырыңыздар, қаланың дәріханалары мен шаруашылық тауарларын сататын дүкендерден (мысалы, "Антиклещ", OFF-репелленттерді, т.б кенеден сақтандыратын) кенелерден сақтандырғыштарды сатып алыңыздар. 2 сағат сайын денені тексеріп отыру қажет.

Кене шаққан жағдайда Алатау, Иуезов аудандарының тұрғындары -№7 ҚК ауруханаға, Жетісу, Түріксіб аудандарының тұрғындары- №4 ҚК ауруханаға, Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарының тұрғындары - №1 қалалық балалар клиникалық ауруханаларының травматологиялық пункттеріне дереу қаралып, 15 жасқа дейінгі барлық балалар кене энцефалитіне қарсы аурудың алдын алу мақсатында иммуноглобулин алуы қажет. Емделушілерге тәулік бойы және тегін көмек көрсетіледі.

Қалада кенеге қарсы өңдеумен келесі аумақтар қамтылды: "Көктебе", "Маяк" поселкелері, "Бутаковка", "Медеу" МКҚК, жалпы көлемі - 1116,3 га жер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны