07.09.2017, 15:04 4617

Алматыда Ақан серініӊ домбырасы ғасырдан соӊ күмбірледі

Алматыда Ықылас атындағы халық аспаптарыныӊ мұражайында ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлыныӊ домбырасымен алғаш рет күмбірлеп күй шертілді. Қазақтыӊ халық ақыныныӊ ғасырлық тарихы бар музыка аспабын Мұражайға танымал жазушы Сәкен Жүнісовтыӊ ұрпақтары тапсырған еді.

Алматы. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Ықылас атындағы халық аспаптарыныӊ мұражайында ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлыныӊ домбырасымен алғаш рет күмбірлеп күй шертілді. Қазақтыӊ халық ақыныныӊ ғасырлық тарихы бар музыка аспабын Мұражайға танымал жазушы Сәкен Жүнісовтыӊ ұрпақтары тапсырған еді.

Шығармашылық кеш барысында Ерлан Төлеутай Ақан серініӊ домбырасымен "Сырымбетті" күмбірлетті. Ақан серіге арналған шығармашылық кеште дәстүрлі музыка өнерініӊ өкілдері ақынныӊ "Шәмшіқамар", "Маӊмаӊгер", "Балқадиша" және басқа да әндерін орындады. Алматыныӊ "Қала күні" аясында өткен музыка кешіне мәдениет пен өнер қайраткерлері, жұртшылық , жастар қатысты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында жеке мәдениетіміз бен ұлттық кодты сақтауға үлкен мән берілгендігін, ал бұл еліміздіӊ мәдени жетістіктерін бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ салиқалы саясаты арқасында қазақ халқыныӊ мәдени- рухани мұрасы қайта жаӊғыруда. Соныӊ жарқын мысалы ретінде бүгінгі күні мұражайда 100-ден астам музыка аспаптары мен басқа да киелі заттар сақталған әрі олардыӊ қатары жыл сайын жаӊа экспонаттармен толығуда. Біз бүгін ерекше саяси оқиғаныӊ куәсі болып отырмыз, Ықылас мұражайыныӊ қорына ұлы ақын Ақан серініӊ жеке домбырасы беріліп отыр", - деді Бауыржан Байбек.

Тек соӊғы екі жылдыӊ ішінде ғана Алматыда "Алатау" дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканыӊ мультимедиялық орталығы, Алматыныӊ мыӊжылдық тарихы Мұражайы ашылып, 5 рет айтыс және ақындардыӊ "Алтын домбыра" мен қазақ ұлттық спорттыӊ "Ұлы Дала Ойындары" фестивальдері өтті.

Ақан сері - қазақ ән өнеріндегі қайталанбас тұлға. Ол 1843 жылы Солүтстік Қазақстан облысы Айыртау ауданыныӊ Қоскөл ауылында туылған, қазіргі кезде елді мекенге Ақан сері есімі берілген. Ақан сері зор даусымен, музыкаға және поэзияға деген қызығушылығымен ерекшеленетін. Ол ұлттық мәдениеттіӊ қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосты. Ұлы ақынныӊ өмірі туралы екі томдық роман жарық көрді, оныӊ авторы жазушы Сакен Жүнісов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны