27.06.2016, 19:27 3774

Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі жүргізушілерге тағы жақпай қалды

Алматыда соӊғы 4 жылда осымен бесінші рет ақылы автотұрақ жүйесі орнатылып жатыр. Енді қаладағы әрбір жүргізуші көлігін бір сағат сонда қойғаны үшін 100 теӊге төлемек. Осы жолы сондай тұрақтардыӊ алғашқысы Көк базар маӊайында пайда болды. Бірақ автотұрақ үшін ай сайын 20 мыӊ теӊге төлегісі келмейтін жүргізушілерге бұл жүйе ұнаған жоқ

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда соӊғы 4 жылда осымен бесінші рет ақылы автотұрақ жүйесі орнатылып жатыр. Енді қаладағы әрбір жүргізуші көлігін бір сағат сонда қойғаны үшін 100 теӊге төлемек. Осы жолы сондай тұрақтардыӊ алғашқысы Көк базар маӊайында пайда болды. Бірақ автотұрақ үшін ай сайын 20 мыӊ теӊге төлегісі келмейтін жүргізушілерге бұл жүйе ұнаған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа автотұрақты қала басшысына таныстыру үшін жауапты адамдар дәл әкім келер сәтке дейін дайындалып бақты. Паркоматтыӊ дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізгісі келген Бауыржан Байбек келе сала қыр-сырын тәптіштеп сұрап жатыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Изірге тәжірибе ретінде 61 көлікке арналған автоматтандырылған тұрақ жұмыс істеуде. Ол 15 минутқа дейін тегін. Одан асса бір сағатқа төлейсіз. Сағатына алынатын әрбір 100 теӊгеніӊ 12 теӊгесі бірден салық ретінде қала қазынасына түседі екен. Алдағы уақытта қала бойынша жасалатын барлық төлемдер диспетчерлік орталықта экраннан көрініп тұрады. Тек шенеуніктердіӊ жаӊа бастамасы қашанғыдай арзан емес. Осымен бесінші рет қолға алынып отырған паркомат ісіне, тек бірінші кезеӊ үшін 4 жарым миллиард теӊге жұмсалмақшы. Бірақ бұл жолғы шығын инвесторлардыӊ мойнында деп сендірді жоба авторлары.

Марат Пірінбеков, "Алматыспецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры:

-Көп көлік жиналатын жерлерде орын табу өте қиыншылық туғызады. Сол себепті біздіӊ мына енгізіп жатқан шарамыз ол машинаныӊ санын реттейді, азайтады. Бюджеттен бір теӊге төленбейді. Бұл жоба 100 пайыз инвестиция арқылы жасалып отыр.

Айта кетерлігі, алматылық атқамінерлердіӊ автотұрақтарды автоматтандырамыз деп шапқылағаны бір бұл емес. Мына қондырғылар 2013 жылы орнатылып, артынша қаӊырап қаӊылтыры ғана қалған еді. Бұл жолы да жаӊадан қолға алынған тұрақ жүйесіне көлік жүргізушілері ә дегеннен-ақ шағымын айтып жатыр.

Елдар Нәукенұлы, көлік жүргізушісі:

- Меніӊ ойымша ол дұрыс емес. Өйткені олар күнделікті машиналарын қояды, автокөліктерін осы жерге. Оларға бір жеӊілдік жасау керек.

Икімдік өкілдерініӊ айтуынша, жоба кемі 10 жыл мүлтіксіз жұмыс істеуі тиіс. Бірақ көптіӊ көӊілі бұған иланар емес. Өйткені Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі соӊғы 4 жылда осымен бесінші рет өзгертіліп отыр екен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны