27.09.2012, 14:29 3646

Алматыда алғашқы қолжетімді тұрғын үйдің құрылысы басталды

Жобаны "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ қаржыландырады.

Алматы. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясындағы алғашқы жаңа үйлер тұрғызыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жобаны "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ қаржыландырады.

Аталған қор баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші кезектегі тұрғын үй - Алматы қаламаңы аумағындағы келешегі кемел өңірде орналасқан "Асыл Арман" тұрғын үй кешені 2012 жылдың 28 қыркүйегінде таныстырылады.

"Асыл Арман" ТК-дегі пәтер саны - 2 376, аталған кешен жайлылығы 3- санаттағы тоғызқабатты 9 үйден тұрады. Пәтерлер энергия үнемдейтін технологиялар қолданыла отырып, жақсартылған күйде таза әрленеді. Жобада тұрғындардың автокөліктеріне арналған жалпыға қолжетімді 2 мыңнан астам тұрақ орны көзделген, оның шығындары жайластырудың сметалық құнына енгізілген. Құрылыстың жалпы құны - 17 млрд. 800 млн. теңге.

Жобаны инвестициялау шартына 2012 жылғы 4 қыркүйекте қол қойылды. "Жылжымайтын мүлік қоры пәтерлерді екі жолмен - тікелей сату және жалға бере отырып сату тәсілі арқылы өткізетінін естеріңізге сала кетейік. Өтінімдер жаңа үйлер пайдалануға берілерден 3 ай бұрын Интернет арқылы берілетін болады.

Тікелей сатылатын пәтердің шаршы метрі 180 мың теңгеден аспайды, ал жалдау арқылы сатып алу кезінде - 1 ш.м. құны 1600 теңгеден аспайды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны