17.09.2018, 22:57 6864

Алматыда Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі өтуде

Бұл ауқымды шара 15 қыркүйек сенбіде, қала күніне орай еӊ әуелі Dostyk Plaza кешенініӊ жанында балаларға арналған қызыл кілемнен басталды.

Алматы. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда 15 пен 19 қыркүйек аралығында Алматы қаласы әкімшілігініӊ бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі өтуде.

Бұл ауқымды шара 15 қыркүйек сенбіде, қала күніне орай еӊ әуелі Dostyk Plaza кешенініӊ жанында балаларға арналған қызыл кілемнен басталды.

Бірінен бірі өткен көйлектерін киіп, ерекше сәнденген кішкентай бүлдіршіндер өздерін нағыз өнер жұлдызы сезінді. Одан кейін балалар үшін Cinemax (Dostyk Plaza) кинотеатрыныӊ қос залында "Көліктер" және "Арыстан патшасы" мультфильмдерініӊ көрсетілімі өтті. Бұл оқиғаға "Арыстан патшасын" түсірген режиссер Роберт Минкоффтыӊ өзі жары Кристал Кунгпен бірге келді. Кристал Кунг Қытайдыӊ әйгілі ойшылы Конфуцийдіӊ алыс буын ұрпағы екенін айта кетейік.

Іс-шарада сөз алған қала әкімі Бауыржан Байбек кішкентай көрермендерге мәртебелі қонақтарды таныстырды. Икім осыдан 25-30 жыл бұрын көптіӊ көӊілінен шығып, кино тарихында еӊ мол кассалық табыс жинаған, әлі де талай буын бүлдіршіндердіӊ сүйікті туындысына айналатын, көптеген басқа да көркем фильмдер мен театрдағы қойылымдардыӊ арқау негізіне айналған атақты мультфильмді өз қолымен жасаған адамныӊ Алматыға келуі үлкен құрмет екенін тілге тиек етті.

"Мен бұл кинофестивальдіӊ балаларға арналған қызыл кілеммен басталғанына қуаныштымын. Өйткені, біздіӊ ертеӊгі болашағымыз және киноныӊ болашағы осы кішкентай бүлдіршіндеріміздіӊ қолында. Біздіӊ "Болашақ" корпоративтік қоры "Уолт Дисней" студиясымен 2011 жылдан бері бірлесіп жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында Диснейдіӊ 27 мультфильмін қазақ тіліне аудардық. Балаларымыз әлемге танымал болған, тамаша анимациялық туындыларды қазақ тілінде көре алатыны қуантады. Фестиваль аясында да кішкентай көрермендеріміз үшін арнайы көрсетілімдер болады", - деді Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек.

Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалініӊ ресми ашылу рәсімі сол күні Республика сарайында өтті.

Кинофестивальді режиссер Сергей Дворцевойдыӊ "Айка" фильмі ашты. Алты жыл бойы түсірілген фильмніӊ бюджеті 2,5 миллион еуроны құрады. Қазақстандық актриса Самал Еслямова 2018 жылғы Канн кинофестивалінде "Айка" фильмінде әйел ролін үздік сомдағаны үшін бас жүлдені жеӊіп алды және осындай мәртебелі сыйлық алған ТМД көлеміндегі алғашқы актриса болды.

Кинофестивальдіӊ ашылуынан кейін өткен шеберлік сабағында кореялық режиссер Ким Ки Дук фильмнен алған әсерімен бөлісті.


""Айка" фильмі маған ерекше әсер қалдырды. Мен тіпті кешеден бері әлі сол Айканыӊ күнін кешіп жүргендей күйдемін. Осында келер жолда ұшақта Қазақстанныӊ екі туындысын көргем. Оларды тек түсіру техникасы тұрғысынан тамашаласам, "Айканыӊ" мені таӊдандырғаны сюжет желісі. Режиссердіӊ қолданған техникасы ерекше",- дейді Ким Ки Дук.

Ал фильмніӊ Алматыда өткен толық нұсқадағы әлемдік көрсетілімінен кейінгі өз әсерін бір көрермен "Самал Еслямова үздік актриса деген сыйлықты расында да лайықты алғанына көзімді жеткіздім" деген тұжырыммен бөлісті.

Самал Еслямова фильмніӊ Алматыдағы көрсетілімінен кейін өткен баспасөз мәслихатында туындыныӊ қалай түсірілгені жайлы толық әӊгімелеп берді. Оныӊ айтуынша, баланы омырауына басатын соӊғы кадрлерде одан басқа екі дублер актриса қатысқан, олардыӊ іс-қимылын бас кейіпкердіӊ қимылдарымен үйлестіру үшін көп кадр пайдаланылған, оны монтаждау күрделі болған.

"Жалпы бірнеше фильмде ананыӊ бейнесін сомдадым. Енді осы бейнелер нақты өмірімде жүзеге асып, ана болсам деймін. Еӊ бастысы - сол үшін сыӊарымды табу қалды",- деп күледі Самал Еслямова. Қазір ол қазақ-жапон бірлескен "Барымташы" фильмінде басты рөлдердіӊ бірін сомдауда. Алдағы уақытта театр қойылымдарына да қатысуды ойлап жүр. Елден көптеген шақырулар келіп түсуде. Қазір үш қаланыӊ ортасында сапарлаумен өмір сүруде. Ал Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі сыйға тартқан пәтердіӊ құрылысы әлі аяқталмағандықтан, оған қоныс аударған жоқпын дейді әртіс.


Кинофестивальдіӊ қазылар алқасы құрамында Гүлнәр Сәрсенова ("Айка" фильмініӊ продюсері), француздық продюсер Пьер Спенглер ("Супермен", "Үш мушкетер", "Андэграунд"), режиссер, продюсер, неміс актрисасы Настасья Кински (1981 жылғы "Алтын глобус" сыйлығыныӊ иегері , "Cesar" сыйақысыныӊ бірнеше мәрте номинанты), француздық продюсер Марк Рускар бар. Сонымен қатар кинофестивальге оӊтүстікореялық режиссёр Ким Ки Дук ( Венеция кинофестивалініӊ "Алтын арыстан" иегері), продюсер Алексей Петрухин және басқалары келді.

Кинофестивальдіӊ қазылар алқасына ресейлік танымал режиссер Сергей Бодров басшылық етуде.

"Кинофестивальдер, әрине, пайдалы. Оларда жаӊа есімдер белгілі болады. Мен тағы бір кинофестивальдіӊ пайда болғанына қуаныштымын. Оныӊ әлеуеті зор болады деген үмітім бар. Қызғылықты туындыларды көреміз деп сенемін", - деді режиссёр Сергей Бодров кинофестивальге арналған баспасөз мәслихатында.

Ол болашақ жоспарларымен де бөлісті.

"Қазақстанда жаӊа фильм түсіре бастағанымды айта кетейін. Еӊ бірінші фильмімді де осында түсіргем. Ал қазір танымал Калашников автоматын жасап шығарған өнертапқыштыӊ өмірі туралы фильмді осында түсіруге дайындалып жатырмын. Оныӊ өмірі аса шырғалаӊға толы болған. Отбасы Алтайдан Сібірдіӊ солтүстігіне қоныс аударылған. Ол 18 баланыӊ 17-шісі болған. Балалардыӊ жартысы өмірден озған көрінеді. 15 жасында айдаудан қашып, жасанды құжаттармен Қазақстандағы Матай бекетінен бірақ шыққан. Бұл туралы білетін адамдар некен-саяқ. Ол осылайша өз автоматыныӊ алғашқы нұсқасы - самострелді осында жасаған. Қазақстанда оған көп көмек көрсетілген. Бұл аса қызықты тағдыр. Өз өмірі туралы автоматтыӊ авторы 50 жылдай ешкімге айтпаған. Айтқанда, оны ешкім қаруға жолатпас еді. Фильмніӊ түсіруші тобы кешікпей осында келеді. Мен бұл фильмніӊ Қазақстанмен бірлескен туынды болғанын қалар едім", - деді С.Бодров.

Айта кетейік, Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі осындай бірлескен туындыларға (копродукция) арналған.

Негізгі конкурсқа 10 картина қатысуда, мынадай номинациялар көзделген: "Үздік режиссер", "Үздік актер", "Үздік актриса", "Қазылар алқасыныӊ арнайы жүлдесі".

Көрермендер келесі картиналарды тамашалап жатыр : "Рисуя жизнь" ( Үндістан /АҚШ), " Омотэнаси" ( Жапония/Тайвань), "Ласковое безразличие мира" ( Қазақстан/Франция), "Горизонт" ( Грузия/Швеция), "Хрусталь "(Беларусь, /Германия/АҚШ/Ресей), "Аверно" ( Боливия/Уругвай), "Отчеты о Саре и Салиме "( Палестина, /Нидерланды/Германия/Мексика), "Вулкан( Украина/Германия), "София" ( Франция/Германия), "Дышите нормально" (Исландия/Бельгия/Швеция).

Конкурстан тыс бағдарламада 21 фильм мынадай секцияларда көрсетілуде: "Мәдени және табиғи мұра, туризм мен спорт" ( ЮНЕСКО-мен бірлесіп) - 6 фильм, "City in motion" бағдарламасы - 5 фильм, "Отбасылық кино"- 5, "Ерекше көрсетілім"-5 фильм.

Фестиваль бағдарламасыныӊ фильмдері Cinemax (Dostyk Plaza) және Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрларында көрсетілуде.

Кинофестиваль шеӊберінде көптеген бизнес-форумдар өтіп жатыр, онда отандық киноныӊ даму келешегі, қазақстандық картиналарды басқа елдерге экспорттау, киноөндіріс мәселелері, кинематографтыӊ Алматыныӊ туристік әлуетіне ықпалы және басқа да мәселелер талқылануда. Мәселен, Ким Ки дук "Продюсерлік пен режиссура" тақырыбында, Роб Минкофф "Анимациялық кино, жоба жасау" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Ал, 17 қыркүйекте сағат 17:00-18:30 аралығында Сергей Бодров "Заманауи халықаралық кино, Голливудта не болып жатыр? Жас режиссерлардыӊ фильмдері",18 қыркүйекте сағат 15:00-16:00 аралығында Алексей Петрухин "Идеядан көрерменге дейін" шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.

15 қыркүйекте "The Walt Disney компаниясыныӊ Қазақстандағы жобалары. Дубляж" тақырыбында дөӊгелек үстел болып, оған "Уолт Дисней компани СНГ" бас директоры Марина Жигалова-Озкан ханым қатысты. Ол 2011 жылы Бауыржан Байбектіӊ бастамасымен басталған Walt Disney мультфильмдерін қазақ тіліне аудару жобасы одан әрі жалғасып жатқанын, компания өз өнімдерін Қазақстанда көбейте түсетінін атап өтті. Бұған дейін 27 фильмді аккредитацияланған дубляждау студиясында түсірген Aray Media Group төрайымы Айгүл Байбек дубляждыӊ қазіргі жайы туралы әӊгімелеп берді. Студия қазақ тіліндегі өнімдерді түсірумен, ұлттық жобаларды ілгерілетумен басым түрде айналысады деп атап көрсетті ол.

"Болашақ" корпоративтік қорыныӊ төрайымы Динара Чайжүнісова студенттік өмірі шетелде өтіп, қазақ тілін жастайынан үйренуге мүмкіндік алмаған өзініӊ қазір қазақшаланған Диснейдіӊ өлмес туындылары арқылы үш қызымен бірге ана тілдіӊ байлығына тереӊірек бойлай бастағанын жеткізді.

Ал Ким Ки Дук шеберлік сабағында мынадай ойларымен бөлісті:

"Кино түсірумен осыдан 30 жылдай бұрын сценарий жазудан бастап айналыса бастаған. Осы уақытта 30 шақты фильм түсірген. Еӊ бірінші болып диалогсыз фильмдер түсіруді қолға алған. Фильмдерін тек өз сценарийініӊ негізінде түсіреді, бөтен адамдардан сценарий алмайды. Еӊ қымбат фильмі 100 мыӊ доллар, еӊ арзан ақшаға түсірген фильмі - 10 мыӊ доллар болған. Қаржы үнемдеу мақсатында киноны қысқа мерзімде түсіруге тырысады. Фильмдерініӊ арасында 4, 7, 11 күнде түсірілген фильмдер бар. Қазір Гонконгта тұрады және сонда фильмдер түсірумен айналысуда. Осы уақытқа дейін "кино деген не?" сұрағына әлі жауап іздеуде. Кино өмірден алынғанда құнды. Мәселен, бір сценарийдіӊ идеясы үйіне келіп есікке кілт сұққан кезде туындаған. Сценарий кейде тіпті 2 беттен тұрады. Сценарий тек қағаз ғана, өзі "фильм сценарийден әлдеқайда артық болып шығыпты" деген сөздерді жиі естиді. Ал кинодағы гуманизм тақырыбына келсек, "өмірдегі қара - қарая түскен сайын, ақ тіптен ағара түседі" деген идеяға сенеді".

"Кино түсіруге өмірдіӊ өзі ғана сабақ, оған оқытып шығару мүмкін емес, оны оқыту үшін еӊ үздік оқулық жазып шығу да мүмкін емес" деген пікірді "Арыстан патшасын" ("Король лев") түсірген режиссер Роб Минкофф та айтты.

"Сәтті болудыӊ алғышарты - өзіӊ істеп жатқан іске жан-тәніӊді салу. Қиындықтарға қарсы тұра білу, табандылық пен ниет бәрін жеӊеді. Шығармашылық пен бизнестіӊ заӊдары арасында тепе-теӊдікті таба білу маӊызды. Заманауи технологиялар мен компьютер тек құрал ғана, ал мультфильмді, қандайда бір туындыны жасайтын - адам. Технологиялар күрделіленіп, түстер палитрасы көбейгенімен, сол түстерді ойнататын шынымен де тек қана адам. Ал инновациялар тек көмекші құрал ғана",- дейді Роб Минкофф.

Сонымен, Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалін ұйымдастыруға Almaty Film Festival бас продюсері Эрнар Құрмашевтіӊ айтуынша, барлығы 350 млн теӊге жұмсалды. Гран-при бас жүлдесіне 3 миллион теӊге беріледі. Ал "Үздік режиссер" 2 млн теӊгені қанжығасына байлайды. "Үздік актер және актриса" және "Қазылар алқасыныӊ арнайы жүлдесі" аталымдарына 1 миллион теӊгеден қарастырылған.

Ақан Сатаев, Almaty Film Festival президенті былай деді:

"Қандай кинофестиваль болмасын ол қала үшін имиджі шара болып табылады.Біз Қазақстан киноиндустриясына халықаралық жобаларды тартып, Алматыны әлемге кеӊірек танытсақ, дейміз. Енді Almaty Film Festival жыл сайын өткізілетін шараға айналатындығына сенімдімін және ол жекеменшік қазақстандық киноға дүниежүзілік деӊгейдегі фильмдерді түсіруге ықпал ететін болады".

Биылғы тағы бір көптен күткен премьера осы іс-шарада өтіп, Иділхан Ержановтыӊ 71-ші Канн кинофестивалініӊ "Ерекше көзқарас" бағдарламасына қатысқан "Илемніӊ мейірімді енжарлығы" ("Ласковое безразличие мира") фильмі Франциямен бірлесе түсірілген фильм ретінде фестивальдіӊ байқаулық фильмдерініӊ қатарына еніп отыр.

Осы орайда айта кетейік, кинофестивальдіӊ жабылу салтанатында Республика сарайында 19 қыркүйекте фестиваль президенті Ақан Сатаевтыӊ "Бизнесмены" фильмініӊ премьерасы да өтеді.

Кинофестивальдіӊ жабылуында кинематография саласындағы "Тұлпар" ұлттық сыйақысы табыс етілмек ( сыйақы 2016 жылдан бері беріліп келеді).

"Тұлпар" сыйақысы академия мүшелерініӊ құпия дауыс беруі нәтижесінде мынадай номинациялар бойынша табыс етілмек: "Үздік фильм", "Үздік режиссерлік жұмыс", "Үздік сценарий"; "Үздік ер адам ролі", "Үздік әйел ролі", "Үздік операторлық жұмыс", "Қоюшы суретшініӊ үздік жұмысы", "Фильмге арналған үздік музыка".

Кинофестиваль ұйымдастырушыларыныӊ хабарлауынша, қала әкімшілігі жанынан келешекте Almaty film сommission атты арнайы құрылым пайда болмақ, ол қазақстандық және шетелдік киногерлерге түсірілім кезінде көмектесетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны