23.10.2018, 18:11 8439

Алматыда арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды

Бұл чемпионатқа 15 облыстан келген 100-ге жуық параспортшы бақ сынасты. Ел чемпионатын тұӊғыш рет аккредиттелген спорттық би федерацияларыныӊ қауымдастығы өткізді.

Алматы. 23 қазан. Kazakhstan Today - Halyk Arena көп функциялы кешенінде арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл чемпионатқа 15 облыстан келген 100-ге жуық параспортшы бақ сынасты. Ел чемпионатын тұӊғыш рет аккредиттелген спорттық би федерацияларыныӊ қауымдастығы өткізді.

- Барлығы жоғары деӊгейде өтті. Ұйымдастыру жағы керемет болды. Өткен жері де әдемі. Біз қатысушылар үшін барлық жағдайды жасадық. Енді 2019 жылы әлем чемпионатын күтеміз. Өтетін орны мен күні жақын арада белгілі болу керек, - деді чемпионаттыӊ төрешісі Алексей Верига.

Оныӊ айтуынша осы қатысушылардыӊ арасындағы еӊ үздіктері еліміздіӊ намысын әлем чемпионатында қорғайды. Өз кезегінде бүгінгі жарыс күнінде қатысушылар әдемі ырғақ билерін көрсетіп, фристайл мен сингл биледі. Олар әдемі танго, вальс, самба, румба, джайвтан өзара мықтыны анықтады.

- Мен биылдан бастап осы спортта жүрмін. Бірінші рет ел чемпионатына қатысып, жеӊіп алдым. Маған бәрі өте ұнады, ұйымдастырушыларға рахмет, - деді жеӊімпаздардыӊ бірі алматылық Михаил Бычковский.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды. Олар:

Сингл. Ерлер (2 класс):

1. Михаил Бычковский

2. Александр Чащин

3. ТалғатАманбеков

4. Есет Дәрібаев

5. Қайрат Нұғманов

Сингл. Ийелдер (1 класс):

1. Юлия Калинина

2. Балжан Бейсебаева

3. Роза Смағұлова

4. Алтынашар Қалыбаева

5. Екатерина Федоренко

6. Гүлмира Жанғалиева

Сингл. Ийелдер (2 класс):

1. Наргиза Ахметова

2. Айдана Нұртазина

3. Дияна Смағұлова

4. Аруна Жақсығұлова

5. Ақнұр Ақжарқынова

Фристайл. Ийелдер (1+2 класс):

1. Аруна Жақсығұлова

1. Ақнұр Ақжарқынова

1. Наргиза Ахметова

2. Роза Смағұлова

2. Бақытгүл Илімбекова

2. Юлия Калинина

3. Людмила Башкенова

3.Гүлмира Жанғалиева

3. Армангүл Болатжан

Фристайл. Ерлер (1+2 класс):

1. Александр Чащин

2. Қайрат Нүғманов

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны