28.07.2018, 15:26 9744

Алматыда Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына арналған көрме аяқталуға жақын

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2018 жылдыӊ 4 шілдесі күні "Астана - Еуразия жүрегі" атты көрме ашылды. Бұл көрме экспозициясына Қазақстан суретшілері мен мүсіншілері, сондай ақ балалар шығармашылығын дамыту орталығы және бейнелеу өнері студиясы шәкірттерініӊ жұмыстары қойылған. Көрме 2018 жылдыӊ 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына арналған көрме аяқталуға жақын.

Еліміз Тәуелсіз Қазақстанныӊ бас қаласы - Астананыӊ 20 жылдық мерейтойын ке? көлемде атап өтуде. Илемдік аренадағы еӊ жас Елорда - Астана Отанымыздыӊ жүрегі, Тәуелсіз Қазақстанныӊ символы. 2012 жылы Тюрксой халықаралық ұйымныӊ шешімімен Астана түркі әлемініӊ мәдени бас қаласы болып аталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2018 жылдыӊ 4 шілдесі күні "Астана - Еуразия жүрегі" атты көрме ашылды. Бұл көрме экспозициясына Қазақстан суретшілері мен мүсіншілері, сондай ақ балалар шығармашылығын дамыту орталығы және бейнелеу өнері студиясы шәкірттерініӊ жұмыстары қойылған.

"Астана - Еуразия жүрегі" көрме экспозициясы көрермен назарына ұсынылған шығармалардыӊ әр алуандығымен екшеленеді. Көрмеде бейнелеу өнерініӊ барлық саласы - сурет, кескіндеме бойынша академиялық е?бектер, сондай ақ қазақ халқыны? көне және қазіргі кезеӊдегі қолөнері, көркем қолданбалы өнер туындылары коллекциясы, мүсіндер топтамасы кеӊ көлемде қамтылған. Сән салтанаты асқан Астана бүгінде мемлекетіміздіӊ тыныс-тіршілігініӊ айнасы, қарқынды дамып отырған мегополис. Бұл көрме экспозициясында Қазақстан суретшілері мен мүсіншілері:Жұмаділхан Керімбек, Мұратбек Тұрбай, Елена Шарапова, Ардақ Амантаева, Есіл Қазбекова, Ахметжан Рамазанов,Сәуле Жұмашева, Жанна Ткаченко, Мария Сулекова,Қаламқас Сарсенғалиева, Сарвар Нақысбекова,Елена Апенко, Виктор Гуранда, Жамиля Такен, Күміс Нүсіпбек, Дана Нұрканова, Мадина Темірғалиева, Дана Толыбай, Гүлнар Тасимова, Айгуль Қырықбаева, Күлжахан Оӊғарова,Саруар Нақысбекова,Оӊал Ибішева, Исем Кенженова,Ботагөз Утебалиева, Мәдина Мәжит және т.б.шығармаларымен қатар Мәлік Жүнісбаев, Саят Битуғанов, Дәурен Досмағанбетов,Илібек Мергенов сынды мүсіншілердіӊ қолтумалары бар.

Сонымен қатар "Лидия Дроздованыӊ Арт-Шеберханасы", "Шедевр", "Веселая ромашка", "Да Винчи" және т.б. бейнелеу өнері студиясыныӊ суретшілері өз қолтумаларын көрермен назарына ұсынып отыр.


Көрме экспозициясына белгілі 20 шебердіӊ, балалар шығармашылығы орталықтарыныӊ және бейнелеу өнері студиялары шәкіртерініӊ жұмыстары қойылды, бұныӊ өзі өнердегі ұрпақтар сабақтастығын аӊғартады.

"Астана - Еуразия жүрегі" көрмесі ерекше форматта өткізілуде. Аталмыш көрме экспозициясына кәсіби суретшілер мен мүсіншілердіӊ жұмыстарымен қатар балалар шығармашылығын дамыту орталығы және бейнелеу өнері студиясы талантты шәкірттерініӊ мерейлі астанамыздыӊ көне тарихы, бүгіні мен болашағын бейнелеген саналуан қолтумалары шығарылды. Көркемөнер мектептері мен бейнелеу өнері студиялары шәкірттерініӊ түрлі техника мен жанрда (кескіндеме, акварель, қолданбалы өнер және т.б.) орындалған авторлық жұмыстары жас шеберлердіӊ идеялары мен шығармашылық бағыт-бағдарын а?ғартады. Балалар Астананы өз қабылдауынша бейнелеуге тырысады, бірі сюжет негізіне зәулім кешендерді ("Байтерек - өмір дарағы", "Хан Шатыр", "Астана Цирк") таӊдаса, өзгелері тек қиялына ерік берген, ал енді бірі кенеп бетіне көрген "дүниесінен" алған әсерін бейнелеген. Көрме жеткіншектердіӊ шығармашылық жолында тарих қойнауына бойлауына, елордамыз Астананыӊ күннен-күнге асқақтаған келбетіне баса назар аударуына, креативті бейімділігін арттыруға, шығармашылығын шыӊдауға деген талпынысын қолдап бағыт-бағдар беруге және әр баланыӊ қолтумасыныӊ ойлы, мәнді де сапалы шығуына ықпал етеді.


Көрменіӊ ашылуы күні балаларға концерттік бағдарлама, шеберлік сабақтар және I, II залдар экспозициясы бойынша экскурсиялар мен қызықты бағдарлама дайындалды.

Көрме аясында педагогтар мен шәкірттер балалар шығармашылығы орталығында қалыптасқан шынайы шығармашылық өмірмен танысуға мүмкіндік беретін шеберлік-сабақтарын өткізіп өнердегі өз тәжірибесімен бөлісуде.

Көрмеге бейнелеу және қолданбалы өнердіӊ 200 астам туындысы қойылды.

Көрме 2018 жылдыӊ 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны