02.03.2012, 13:52 3823

Алматыда ауа райының тұрақсыздығына байланысты ескерту жарияланды

2-4 наурыз күндері аралығында қар жамылғысының қалың әрі тұрақсыз болуына байланысты Алматы облысының таулы аумақтарында қар көшкіндері түсуі мүмкін.

Алматы. 2-наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда ауа райының тұрақсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-4 наурыз күндері аралығында қар жамылғысының қалың әрі тұрақсыз болуына байланысты Алматы облысының таулы аумақтарында қар көшкіндері түсуі мүмкін.

ТЖД қала тұрғындары мен туристерден таулы аумақтарға серуендеуден және саяхаттаудан бас тартуды сұрап отыр. Төтенше жағдай болған не оның қаупі туындаған жағдайда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 274 22 19, 101, 112, 109 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны