02.04.2015, 22:35 4072

Алматыда автотұрақта қару қолданған күдікті енді тергеушіге жала жапқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Алматыда автотұрақтардыӊ бірінде болған атысқа қатысты күдікті деп танылған Иван Хуторной, енді тергеушіге жала жапты деген айыппен тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда автотұрақтардыӊ бірінде болған атысқа қатысты күдікті деп танылған Иван Хуторной, енді тергеушіге жала жапты деген айыппен тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қару қолданып, бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ҚК 293-бабыныӊ 3 тармағы) әзірге күдікті деп танылған И. Хуторной таяу күндері бірқатар БАҚ-қа осы қылмыстық іспен айналысып жатқан тергеуші ақша бопсаламақ болды деп мәлімдеген болатын, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Осылайша, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан лауазымды тұлғаға негізсіз айып тағылып, көпе-көрнеу жала жабылды. Бұл - қылмыстық жаза қолданылатын іс. Сол үшін ҚР Қылмыстық кодексініӊ 411-бабыныӊ 3-армағына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осыған қатысты Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық кодекстіӊ 128-бабына сәйкес, И. Хуторной уақытша тергеу изольяторына қамалды", - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы, полиция полковнигі Асқар Болатов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны