30.05.2018, 23:58 8266

Алматыда Балаларды қорғау күнін атап өту бағдарламасы әзірленді

"Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама меркелік көӊіл күйді көтереді, қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистіӊ оркестрлік бірлестігін көретін болады", - деп атап өтті Алматы қаласыныӊ Білім басқармасы.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today -Балаларды қорғау күні жаӊарған Жібек жолы көшесініӊ бойында Алматы қаласыныӊ балалар мен жасөспірімдер музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерініӊ парады салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мерекелік шеру сағат 10.00-де Жібек жолы мен Абылайхан көшелерініӊ қилысында басталады, мұнда ерте келгендердіӊ барлығы балалардыӊ шығармашылық ұжымдарыныӊ өнерін тамашалайды. Бұдан кейін шеру жаяу жүргіншілердіӊ қайта жаӊарған Панфилов көшесімен жүріп өтіп, Астана алаӊында ерекше флэшмобпен аяқталады.

Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соныӊ ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептіӊ "SMart" балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетеді. Еӊ кішкентай қоанқтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.

"Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама меркелік көӊіл күйді көтереді, қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистіӊ оркестрлік бірлестігін көретін болады", - деп атап өтті Алматы қаласыныӊ Білім басқармасы.

Балалардыӊ мерекелік шараларын өткізуге қатысты 31 мамыр мен 1 маусымда таӊғы сағат 8.00-ден сағат 13.00-ге дейін мына көшелердіӊ бірқатар учаскелері уақытша жабылатын болады:

- Панфилов көшесі (Гоголь, Ийтеке би, Қазыбек би көшелерініӊ қиылыстары);

- Төле би көшесі (Панфилов пен Абылай хан көшелерініӊ арасы);

Бұлардан өзге, 1 маусымда сағат 11.00-де С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында "Идебиет пен театр клубыныӊ" мүшелері өлеӊ оқиды, балалар мен үлкендердіӊ шахмат турнирі өтеді, ересектер үшін "Флешдэнс" би балы, қышпен жұмыс істеушілер үшін "Жас қышшы" шеберлік сыныбы, ғылыми эксперимент әуесқойлары үшін квестер, "крио-шоу" ұйымдасттырылады.

2 маусымда "Шымбұлақ"ТШК-да Family day болады. Сағат 11.00- ден 12.30-ға дейін тау шаӊғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл мен понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады. Кішкентай келушілер түрлі ойындарға, сурет салу мен түрлі заттар жасау бойынша шеберлік сыныптарына және "KidsLab"балалар клубыныӊ конкурсына қатысып, үйдегідей аквагрим, мехенди сынды түрі тәттілерді жасап-үйренеді., оларды тегін жейді және басқа да қызықтарды тамашалайды.Бұл күні барлық ата- аналар фитнес түрлерімен, йогамен, бимен, шеберлік сыныптарымен айналысып, Hand-Made жәрмеӊкесіне қатысып, танымал диджей мен лайв-бэнді көре алады. Балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілері үшін арнайы тәттілер, сыйлықтар мен балмұздақтар дайындалады.

2 маусымда сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен ( Абылай хан - Қазыбек би - Панфилов - Ийтеке көшелерініӊ маӊы) "Тәтті Алматы" тағам жасаудыӊ отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистіӊ танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады. Биылғы маусымда фестиваль "Visit Almaty" жарнама компаниясыныӊ "Өз қалаӊды жақсы біл!" бастамасы аясында өтеді. Жазғы фестивальге 30-дан астам тамынал қалалық гастрономиялық жобалар қатысады, күні бойы паркте балалар мен үлкендер үшін түрі қойылымдар көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны